Шынымен де, Қазақстанда Инвесторлар альянсының құрылуымен бизнесті банктен несие алмай-ақ бастауға мүмкіндік туып отыр. Әлбетте, табыс әкелетін идеяны, жемісі пісетін жоспарды қалтасы қалың бизнесмендердің өздері қаржыландыруға даяр. Қазірдің өзінде еліміздің белді кәсіпкерлері ондай идеяларды іздеп жүрген көрінеді. Ендеше, басында идеясы қайнап тұрған, бірақ қаржы-қаражат қолын байлап тұрған пысықайларға банкке барып жалбарынудың қажеті шамалы. Инвесторлар альянсы осындай бірегей мүмкіндікті бастап отыр. Бұл туралы "Алаш айнасы" газетінің тілшісі де хабардар болған еді.

Бақсақ, «B to B», яғни «Бизнестен Бизнеске» қағидаты негізінде құрылған әріптестік байланыстардың тиімді тұстары жетерлік екен. «Біріншіден, инвестор пен кәсіпкер бір-бірімен тығыз араласып, ортақ бизнестің табысты түрде дамуына мүдделі болады. Бұндай әріптестіктің нәтижесі міндетті түрде болады. Екіншіден, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашылады. Үшіншіден, инвестор мен бизнесмен тәуекелдерге бірге барып, жобаның іске асуын асыға күтеді. Бұл – табысқа жетудің бірден-бір жолы», - дейді Қазақстанның софтверлік компаниялар қауымдастығының президенті, альянс мүшесі Азаматхан Әміртай. Оның айтуынша, қазіргі бизнесті тексеру шараларына қойылған мораторий, мүлікті заңдастыру сияқты бастамалар кәсіпкерлер үшін көптеген мүмкіндіктер ашып отыр. «Сондықтан дәл қазір идея мен тәжірибемен алмасу аса маңызды. Қазақстандық бизнесті дамыту жолында нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жол беру керек», - дейді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Инвесторларлар альянсы идея мен қаржы арасындағы көпір іспеттес болмақ. Ол үшін www.ainvest.kz атты арнайы портал ашылады. Оған кез-келген басында идеясы бар азамат өзінің бизнес идеясының мақсат-міндеттерін жазып, ұсыныс қалдыруға болады. Ал порталдан инвесторлар өздеріне қажетті жобаларын таңдай алады. Альянстың жанынан құрылатын арнайы комитет бизнес идеялардың тиімділігін бағалайды. Порталдың өзі бір аптаның ішінде дайындалып, іске қосылады деп күтілген.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...