Бір айдан аз уақыт қалды: қазақстандықтарға ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір айдан аз уақыт қалды: қазақстандықтарға ескерту жасалды Фото:depositphotos.com

2024 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Бұл туралы Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Бұл туралы Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

"2024 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Егер салық уақтылы төленбесе, әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі", – деп хабарлады Алматы бойынша МКД.

Төлеуге тиісті салық сомасын әркім өзі есептеуі қажет. Мұны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы жасауға болады.

15 наурыздан кейін автокөлік иелері банктердің мобильді қосымшалары арқылы алдын ала есептелген салық сомасы туралы push-хабарлама алады. Сондай-ақ, салықты банктердің қосымшалары немесе "Қазпошта" АҚ арқылы төлеуге болады.

Алматы бойынша МКД мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалада 456 мың адам 764 мың көлік құралын иеленген. 2023 жылмен салыстырғанда олардың саны 7 пайызға артқан, ал тиісті салықтың жалпы сомасы 19,6 миллиард теңгеден 21,9 миллиард теңгеге дейін өскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети