28 тамыз 2014 | 17:02

Бір жігіттен алданып, бір жігіттен бақыт таптым…

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Алаш айнасы» интернет газеті арқылы замандастырмның жазғандарын оқып, кейде одан өз өмірімді көріп отырғандай әсер алатыным рас. Адамның қалағаны емес, Алланың жазғаны болады дегендей, мен де тағдырдан біраз теперіш көрген жанмын. Менің жіберген қателіктерімді келешекте сіңлілерім қайталамаса екен деген ниетпен қолыма қалам алуды ұйғардым.


Иконка комментария блок соц сети

«Алаш айнасы» интернет газеті арқылы замандастырмның жазғандарын оқып, кейде одан өз өмірімді көріп отырғандай әсер алатыным рас. Адамның қалағаны емес, Алланың жазғаны болады дегендей, мен де тағдырдан біраз теперіш көрген жанмын. Менің жіберген қателіктерімді келешекте сіңлілерім қайталамаса екен деген ниетпен қолыма қалам алуды ұйғардым.

Негізі, балалық шағым туралы көп ашылып әңгіме айтқым келмейді. Әкем ерте көз жұмды. Әкесіз өскен соң бағынбай кетеді деп ойлады ма екен анам бес баланы қатал ұстады. Ашуы келсе, қолына түскен нәрсемен ұру әдетіне айналды. Шынымды айтсам, кәдімгідей жасық болдым. Содан да болар бойжете келе қыз болып жігітке қараудың не екенін білмейтін едім. Жүрегім «беймәлім» бір сезімдерге елеңдегісі келеді. Бірақ мен одан қатты қорқатынмын. Содан шығар мінезім де томаға-тұйық қалыптасты. Сөйтіп жүріп өз еңбегіммен жоғары оқу орнына түстім. Жатақхана алдым. Үнемі қатал анамның қабағына қарап өскен маған мұндағы еркіндік ғажайып ертегідей көрінді. Сөйтіп жүргенде алғашқы сөз айтып, жылы қабақ білдірген жігітті болашақ жарым болады деп қабылдаппын. Оңбай алданғанымды екіқабат екенімді білген кезде түсіндім. Мұны естіген «жігітім» қарасын көрсетпестен тайып отырды. Бойыма біткен шарананы алдырып тастауға менің де дәтім бармады. Қалайда оны өмірге әкелуге бел будым. Осы жағдайдан кейін басыма қара бұлт үйіріле бастады. Басқа-басқа қасымдағы бірге жүрген құрбыларым мені көрсе теріс айналатынды шығарды.

Иә, байқағаным, мұндай жағдайда қыздар жағы мүлдем көмектеспейді екен. Керісінше, ер балалар «не жейсің, не ішесің, халің қалай? - деп қолдау көрсетті. Ол кезде жап-жаспын ғой, бала көтерген кезде денсаулығым мазалаған жоқ. Бірақ бәрі маған қылмыс жасаған адамдай қарайтын. Көп адамдар ұрысты, ақыл айтты. Дәрігерлер де тап оң қабақ танытқан жоқ. Көп қиналдым. Жиналысқа да салды. Қысқасы, мен сол оқу орнының қара күйесі болдым. Азапты күндерді артқа тастап, сәбиімді дүниеге әкелдім. Жылап-еңіреп жатақханаға қайта келдім. Анам жағдайымды естігенде, менен теріс айналған болатын. Өйткені мен әулетімнің де намысын аяққа басқан қыз болып шықтым ғой. Осы кездерде мейірімді адамдардың қолдауымен жатақхананың бір бөлмесін паналап, оқуымды жалғастырдым. Тағы да жігіттер жағы қолұшын берді. Кезекпен қала іргесіндегі тоғайға барып, жайылып жүрген сиырларды сауып, сүтін әкеледі. Сабаққа кеткенде де баламды солар бағып жүрді. Негізі, бір қиындықтың бір шешілу жолы табылады екен. Перзентханада жатқанымда маған бір адамдар «бір көмектессе осы адам көмектесе алады» деп Бәтес деген кісінің телефонын берген еді. Өзі осы Оралдағы үлкен қонақүйдің басшысы екен. Қорқасоқтап қоңырау шалдым. Ешқандай таныстығым болмаса да ол менің жағдайымды бірден түсінді. Рухани да, қаржылай да қолдау көрсетті. Анам жасамаған жақсылықты жасады десем, асылық айтты деп ойламассыздар. Апта сайын ақша, балама жаялық, сабын секілді керек-жарақтарды әкеліп отырды. Түнде оқу орнының еденін жууыма мүмкіндік жасады. Бәтес апамен әлі күнге дейін жақсы араласамын. Аштықта жеген құйқаның дәмін тоқ кезіңде ұмытуға бола ма?!

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети