Өткенде Израильдегі Рафаэль Реканати атындағы интитуттың генетиктері қазақтың ет және ет өнімдеріне қатысты елең еткізерлік бір пікір білдірді. Бұл ретте Кларк былай деді: «Қазақ малының еті сапасы жағынан гендік модификацияға түспеген. Қазақтың малы таза табиғи шөптермен қоректенген. Сондықтан келешекте бұл елдің етіне және ет өніміне әлемдік тұрғыда сұраныс өсе түседі».

Сол-ақ екен, осы саланы зерттеп жүрген біраз мамандар қазақтың мал шаруашылығы саласын електен өткізуге кірісіп кетті. Мысалы, кеше Ресей экономист-сарапшысы Олег Лурьев твиттердегі парақшасында тағы да біздің елге қатысты пікірін білдірді. Лурьев мемлекетіміздің осы уақытқа дейін мал шаруашылығы саласына қатысты біршама оңды істер атқарып отырғанын, бірнеше ірі-ірі бағдарламалар қабылдағанын айта келе, бірақ біздің әлі де болса мал басын сақтандыру қорларын құруға аса мән бермей отырғанымызды алға тартты.
Рас, біздің мемлекетіміз осы уақытқа дейін мал шаруашылығы саласына серпін беру мақсатында бірнеше бағдарламалар легін жасақтады. Мал басын көбейту мақсатында асыл тұқымды мал өндіру ісіне бірқатар жаңашылдықтар енгізілді, мал өсіремін деген шаруаға мемлекеттік жеңілдіктер де қарастылуда. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Десек те бұл ретте мәселенің бетін ғана сылап-сипап отырған тәріздіміз.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.