Бүгінгі қазақ неге «дұға» сөзінен қорқады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі қазақ неге «дұға» сөзінен қорқады? ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Бұл күнде «аңқау елге арамза молда» көбейіп барады. Жалпы, өмір ағысы, күнделікті жүріс-тұрысың, тіпті дастархан басындағы тілектің өзін де қасаң қағидаларға салып отыратындардың қатары артып келеді. Дін мәселесіне қатысты "Алаш айнасы" да зерттей мақала арнап көрген еді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Бұл күнде «аңқау елге арамза молда» көбейіп барады. Жалпы, өмір ағысы, күнделікті жүріс-тұрысың, тіпті дастархан басындағы тілектің өзін де қасаң қағидаларға салып отыратындардың қатары артып келеді. Дін мәселесіне қатысты "Алаш айнасы" да зерттей мақала арнап көрген еді. 

 
Осыдан біраз бұрын бір қонағасыда  ыңғайсыз жағдайға қалдық. Түскі ас мезгілі-тұғын. Дастарханға кештеу келген бір жігіт бірден асқа қол сала бастады. Әрине, «дәм-тұзымыз таусылмасын», – деп дұға тілеп барып ас-аухатқа қамданатын біз дағдарып қалдық. Ішімізден ересектеу жігіт ағасы «Баурым, біз әлі асқа адалдық тілеп үлгермедік ғой. Мұның қалай?» дегені сол-ақ екен, жас жігіт шамдана қалды. 
 
 Сөз ауанына үңілсек, бұлай істеу шариғатта жазылмаған. Бар дұға тек іштен айтылуы керек. Бір сөзбен сонда отырған жамағаттың асқа бата қайыруы «қате» болып шықты. Иә, онан ары айтысуды жөн көрмеген біз дәм татып, үйді-үйімізге тарқастық. Дегенмен, жігіттің істің шешімін өзі ғана түйіндеп, бірден кесіп айтатын «тік» мінезі, өзгеше киім үлгісі, бұйығылығы дәстүрден алшақтап бара жатқан адамның бейнесін елестетті. Хош, мұндай жағдайға бірінші рет кез болып отырған жоқпыз. Әріптесім Жәнібектің айтуынша, мұндай жағдай тек Шымкентте ғана емес Астана да көптеп кездеседі екен. Былтыр мұсылманның қастерлі айы Ораза айында «Нұр Астана» мешітінде Ауыз ашарға барған Жәнібектің бір байқағаны, астың алды-артындағы бата қайырудағы біркелкісіздік болыпты. Бір қызығы, бір дастархан басында «шолақ балақ шалбар, бейберекет сақал өсіргендердің» қатары көп жағдайда, тамақтанып болғасын бет сипап, бата қайырмай тұрып кетеді екен. Ал, керісінше «қолдаушылары» аз болған жағдайда көпшіліктің ыңғайына жүгінеді екен. Қарап тұрып, «мұндай өз-өзін алдаудан не ұтамыз, діни сауатсыздықпен қайда барамыз?», – деген сұрақ туындайды.
 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети