15 шілде 2014 | 13:28

Бүгін Табылды Досымовтың туған күні, ой пәлі!

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Бүгін-он бесі, шілденің шілінгірі. Ешқандай тарихи оқиға жоқ. Тойлардың бәрін топтап дүркіретіп өткізіп тастап, тасып отырмыз. Тек көңілдің шілінгірі қайтпай тұр бірақ. Егер тірі болғанда бүгін Табылды жырау қырық тоғыздың қырқасына шығып, бір мүшелді қайырып тастар еді.


Иконка комментария блок соц сети

 Бүгін-он бесі, шілденің шілінгірі. Ешқандай тарихи оқиға жоқ. Тойлардың бәрін топтап дүркіретіп өткізіп тастап, тасып отырмыз. Тек көңілдің шілінгірі қайтпай тұр бірақ. Егер тірі болғанда бүгін Табылды жырау қырық тоғыздың қырқасына шығып, бір мүшелді қайырып тастар еді.


Жалауы болған жанымның,

Сағындым, бәрін сағындым.

Самала жерге жон төсеп,

Жатыр ма екен Нарын құм.

Айта алмай тілім күрмеліп,

Көмейге жырлар жүр келіп.

Шіркін-ай, қайтсам арман не,

Жайықтың бойын бір көріп, – деп алып даланың алдаспанындай қиып көлденең жатқан ерке өзеннің жағасында алмастай жарқылдап отты жырын төгіп отырар ма еді бүгін. Астанадан – Ленаны, Қарағандыдан – Қорабайды, Семейден – Тыныштықбекті, Алматыдант – Әубәкір, Боря, Арманды, Құлтөш пен Жұмабайды, Ақтаудан – Светқалиды, Түркістаннан – Бекжігітті шақырып алып, Нарынның құмына аунатар ма еді. Амал шешік?! Өзге жұрттар Высоцкийлерінің туған да өлген күндерін атаусыз қалдырмайды. Барлық телекинокомпаниялары жылт еткен тың дүниеден фильм жасап, дүркіретіп фестиваль өткізеді. Иә біз де...біз алдағы жылдың шілдесін күтіп отырмыз. Келесі жылы Табылды жырау елу жасқа толуға тиіс болады. Соған дайындаламыз, құдай қаласа! Сонда көресіздер...иә!

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети