Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ ұлттық құндылықтарымен бірге қатар ата-баба ұстанған дінімен де қауышты. Құдайға шүкір, бүгіндері еліміздегі мұсылман қауым халқымыздың 70 пайызын құрайды. Осыған байланысты діни мерекелер де қайтадан жаңғырып, мәселен Ораза айтын демалыс күндері де етіп алдық. Алайда қоғамдағы діншіл адамдар қатарының күн санап артуымен байланысты тілдік қолданысымызда арабша сөздер де қарқын алып келеді. Бір қарағанға мұнда тұрған дәнеме жоқ секілді. Бірақ «Алаш айнасы» басылымы қолданыста бар қазақша сөздің орнына арабшасын пайдалану ана тіліміздің қадірін қашырып тұрған жоқ па деп алаңдайды...

Біз бұл арада Құрандағы сөзге немесе араб тіліне үдере бас көтерейік, онымен тілімізді шұбарламайық деп жатқанымыз жоқ. Керісінше, ислам дінімен қауышқан секілді, кезінде араб тілінен қазақшаланып алынған, бірақ кеңес заманында діни мағынасы ұмыт боп кете жаздаған сөздерді тілдік қолданысымызға қайта енгізу жағын мәселе етіп көтеріп отырмыз.
Шыны керек, қазір діншіл адамдар ортасына түсе қалсаңыз неше түрлі діни сөздерді естисіз. Әрине, арнайы сауатын болмаған соң түсінбейсің. Тағы бір жағынан, ол да өзге тіл ғой. Тартынасын. Мүмкін бұл дұрыс та емес шығар. Бірақ ондай жайт біздің қоғамда көп кездеседі. Өйткені «Ауызы күйген үріп ішеді» демекші, орыс тілінің зардабы әбден өткен қазаққа қазір қазақы қалпын сақтау аса маңызды. Әр заманның өз келбеті бар. Ал бүгінгісінде ұлттық иммунитет күшейіп тұр. Сондықтан өзгеге үрке қарау қоғамда басым. Мәселен, бүгіндері автобуста билет таратушы аялдаманың бұрынғы кеңес заманындағы атауын атап қалса, оны қазақтар талап жеп қоя жаздайды. Жарнаманың қазақшасы қате ме, оны масқаралап ғаламтордан, телеарнадан бір-ақ шығарады. Тура осындай жағдай дін саласында да көрініс тауып қап жатады. Бір мысал.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.