“Челсимен“ матчтегі жанжал: қазір Орталық стадион басшысы кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Челсимен“ матчтегі жанжал: қазір Орталық стадион басшысы кім? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда Орталық стадионға уақытша басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Орталық стадионға уақытша басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы спорттық нысандар дирекциясы редакцияның ресми сұрауына жауап ретінде Орталық стадионның уақытша басқарушысы болып Марк Бейдали тағайындалғанын мәлімдеді.

"Уақытша тағайындау стадионды тиімді басқаруды қамтамасыз ету және қаланың спорттық инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылды", – деп хабарлады ведомство.

Фото: Qonaev-gorod

Марк Бейдали 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының нарық институтын "Қаржы және экономика" мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін бірнеше мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызмет атқарған, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда басқарушылық тәжірибесі бар.

2023 жылы ҚР ТЖМ "Селезащита строительство" РМК директоры қызметін атқарған. Сол жылы Қонаев қаласы әкімдігіне қарасты "Жасыл қала Қонаев" ШЖҚ МКК директоры болып тағайындалды.

2019 жылы "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ-да басқарушы директор қызметін атқарған.

Алматы құрылыс басқармасының мәліметінше, 2025-2026 жылдары Орталық стадион жергілікті бюджет есебінен қайта жаңғыртылмақ.

"Биыл Engineering, Procurement, Construction (ЕРС) бағдарламасы аясында қайта құру жобасын әзірлеу басталады. Мердігер ұйым мемлекеттік сатып алу нәтижесінде анықталады. Жобаның құны мен мерзімі мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады", – деп нақтылады ведомство.

Еске салайық, Орталық стадионның бұрынғы директоры Бауыржан Жұмажанов 12 желтоқсанда "Астана" мен "Челси" арасындағы матч алдында стадионды қардан тазарту мәселесіне байланысты туындаған дау-дамайдан кейін қызметінен босатылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети