05 тамыз 2014 | 11:55

Дағдарыс кезінде Ұлттық қор қаржысымен мемлекеттік банктерді қолдау керек пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Ресейге қарсы бағытталып жатқан санкция қатайған сайын Қазақстан үкіметінен де маза болмай тұр. Өйткені «Суға кеткен тал қармайды» демекші, біздің елдің аласапыран сәтте «тал» боп кету қаупі бар. Көптеген мамандар пайымынша, бұл арада ең ауыр соққы қаржы секторына тиесілі көрінеді. Осы жағынан алғанда, бізде алдыңғы бүкіләлемдік қаржылық дағдарысындағыдай отандық банк секторын аман алып қалу мәселесі өзектілік танытып, ұлттық қордан тағы да қосымша қаражат шығаруға мәжбүрміз. Ал «Алаш айнасы» басылымы сұрастырған мамандардың бұл реттегі пікірі екіге жарылады...

Иконка комментария блок соц сети

Естеріңізде болса, Украина әуесінен малайзиялық ұшақтың атып түсірілуі санкция бойынша жұмсақ шаралармен шектеліп отырған Еуропалық одақтың шымбайына қатты батты. Өйткені атып түсірілген ұшақ ішіндегілердің басым бөлігі еуропалықтар еді. Осыдан кейін Еуропалық одақ қатаң санкциялар қолдану туралы АҚШ-тың ұсынысын қабыл алды. Сөйтіп олардың АҚШ-пен бірігіп, Ресейге қарсы жариялаған кезекті санкциясы өткен жұмада іске қосылды. Ол бойынша енді ресейлік мемлекеттік банктер еуропалық инвесторлардан қаржы тарта алмайды, сондай-ақ Батыс өндірісі ресейлік мұнайшыларды құрал-жабдықпен қамтамасыз етпейтін болады, қару-жарақ сауда-саттығы бойынша да екі тарапқа эмбарго қойылады.

Санкция тырнағына ілініп отырған мемлекеттік банктер қатарында ВТБ, Мәскеу банкі және Ресей ауылшаруашылығы банкі бар. Жалпы, мамандар Ресейдің бұл секторындағы дағдарыс бүтін экономиканы тежейді деген болжамдар білдіруде. ТМД ғана емес, шетелде де кеңінен танымал қазақ қаржыгер-маманы, соңғы жылдарғы Еуропадағы еңбегінің қортындысы бойынша жуырда «Евро дағдарысы және ғаламдық тәуекелдер» атты кітабын жарыққа шығарған қазақстандық ғалым Берлин Иришев өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында бір топ маманмен Ресейдің қаржы секторына бағытталған санкция әсерін талқылағанын жазыпты. Ғалымның сол «Асауға тұсау» деген жазбасына сөзбе-сөз тоқтала кетелік: «Кеше біз экономиканың өте сезімтал тұсы – банк секторына санкцияның әсерін талқыладық. Банктер жарылыс орын алатын нүктеде тұрып қалуы немесе экономикалық дағдарыстың басты нысанына айналуы ықтимал.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети