Банан ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі, өйткені олар мелатонин өндірісін ынталандырады. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, адам банан жесе, тезірек ұйықтай алады.
Ол бананның құрамында ішектің жұмысына пайдалы әсер ететін, зиянды заттарды, сондай-ақ В тобындағы дәрумендер мен құрамында магний, калий мол екенін атап өтті.
Ал калий артық сұйықтықты кетіруге көмектеседі және жүрек-тамыр жүйесін нығайтады.
Дәрігер күніне бір-екі бананнан артық жеуге болмайтынын түсіндірді.
"Егер адам ағзасында қант деңгейі тым жоғары болса, банан тұтынбағаны абзал. Сондай-ақ диетаны ұстанатын артық салмағы бар адамдарға оларды жеуге болмайды", - деп қорытындылады ол.
Фин денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру институтының ғалымдары бұған дейін банан, сұлы балаларда бірінші типті қант диабетінің даму қаупін арттыратынын, ал жидектер, керісінше, аурудан қорғайтынын анықтады. Зерттеушілер жидектер құрамындағы полифенолдардың көп болуына байланысты қант диабетінің даму қаупін төмендетуі мүмкін деп болжады.