Дәрігер жүрек ауруының тосын белгілерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер жүрек ауруының тосын белгілерін атады Фото: msk.ramsaydiagnostics

Кардиолог Грант Шехян "Лента.ру" сайтына берген сұхбатында жүрек ауруының тосын белгілерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кардиолог Грант Шехян "Лента.ру" сайтына берген сұхбатында жүрек ауруының тосын белгілерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, ең алдымен адамдар тері түсінің өзгеруіне назар аударуы керек. Мысалы, тұрақты аса қатты бозару немесе, керісінше, бетте, әсіресе бет ұшында өте қанық қызыл реңк пайда болса, мұны назардан тыс қалдырмау керек.

Сондай-ақ, маман мұрын мен еріннің арасындағы аймақтың, яғни мұрын-ерін үшбұрышының көгеруін де (цианоз) қауіпті белгіге жатқызады. Бұл - ауыз айналасындағы, мұрын мен ерін арасы мен мұрын-ерін қатпарларындағы терінің көгеруі.

Шехянның айтуынша, басқа да белгілер маңызды. Жатқанда, жүргенде немесе аздап күш түсіргенде күшейетін жөтелге мән берген жөн. Кенет әлсіреу – көздің қарауытуы, бас айналу, тіпті есінен тануға дейін баруы, әсіресе ауа тарланып, желдетілмеген немесе жертөле секілді бөлмеге кіргенде байқалса, жүре беруге болмайды. Сондай-ақ, ешқандай айқын себепсіз созылмалы шаршау, үнемі ұйқышыл болу, өзін әлсіз сезіну де қауіп белгісі болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети