Демалыс қажет екенін білдіретін 5 белгі қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс қажет екенін білдіретін 5 белгі қандай? Фото: Midjourney

Кейде дене емес, жанымыз шаршайды. Бірақ өзімізге "шаршадым" деп айтуға да рұқсат бермейміз. Massaget.kz тілшісі сізге шын мәнінде демалыс керек екенін білдіретін 5 белгі туралы айтады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейде дене емес, жанымыз шаршайды. Бірақ өзімізге "шаршадым" деп айтуға да рұқсат бермейміз. Massaget.kz тілшісі сізге шын мәнінде демалыс керек екенін білдіретін 5 белгі туралы айтады. 

Барлығы ашуландырады

Кішкентай кедергі – үлкен апат сияқты сезіледі. Бұл – эмоционалдық күйзелістің белгісі. Ұйықтап тұрып та шаршайсыз. Ұйқыңыз қанса да, күшіңіз қалпына келмейді. Демек, бұл – тек физикалық емес, ментал шаршау. Қуанышты сәттер де қызықсыз. Жақсы жаңалықты естісеңіз де, эмоция жоқ. Бұл – ішкі ресурстың таусылғанының сигналы. Өзіңізге рұқсат сұрап жүрсіз. "Мен қазір демалсам бола ма?" деп өз-өзіңізге шектеу қою – күйіп кетуге апарады. Кейде жылап алғыңыз келіп тұрады. Бұл – жиналған эмоцияның шығатын жол іздеуі.

Не істеу керек?

Бір күн болса да өзіңізге арналған "тыныштық күні" жариялаңыз. Телефонды өшіріп, табиғатқа шығыңыз немесе ұйықтаңыз. Ешкімге есеп бермей. Өзіңізге демалуға рұқсат беріңіз.

Әңгіме шаршатса: ішкі тыныштықты сақтаудың жолдары

Бәрімізге таныс жағдай: біреумен сөйлесіп шыққан соң ішкі энергияңыз толық таусылып қалады. Бұл – бос әңгіме емес, энергияны жейтін қатынас.

Энергияны сорып алатын диалогтар:

Бір жақты әңгіме (сіз тек тыңдаушысыз);
Үнемі шағым айтатын адаммен сөйлесу;
Өзімен тек мақтана беретін адам.

Қалай әрекет етуге болады?

Шекара қою – өзіңді қорғау. Мысалы: "Қазір тыңдай алмаймын, кейін сөйлесейік". Диалог емес, монолог басталса – тақырыпты өзгертіңіз. Кейбір әңгімелерге "жоқ" деу – өз тыныштығыңыз үшін жауапкершілік.
Айналаңызды тек тыңдай білетін, өзара энергия алмасатын адамдармен қоршаңыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети