24 қыркүйек 2024 | 10:00

Денсаулыққа зиян: Кімдерге жиі сорпа ішуге болмайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Әдетте сорпа ішу ағзаға пайдалы дегенді жиі естиміз. Алайда гастроэнтеролог мамандар асқазан-ішек жолдарының жіті ауруымен ауыратындардың күнделікті рационынан сорпаны алып тастау керектігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әдетте сорпа ішу ағзаға пайдалы дегенді жиі естиміз. Алайда гастроэнтеролог мамандар асқазан-ішек жолдарының жіті ауруымен ауыратындардың күнделікті рационынан сорпаны алып тастау керектігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сайтына сілтеме жасап.

Гастрит, панкреатит немесе асқазан жарасы диагнозы қойылған адамдарға әртүрлі көкөністер мен дәнді дақылдар қосылған ет немесе балық сорпасы қарсы әсер беруі мүмкін.

"Мұндай тағамдар тұз қышқылын өндіруді көбейтеді. Асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар жандар үшін тұз мөлшерін керісінше азайту керек. Сонда қабынудың күшеюінен сақтайды. Керісінше, сорпаларды алдын ала қуырусыз дайындалған көкөністермен алмастырған дұрыс", - деді олар.

Мамандардың айтуынша, оларда талшықтар жеткілікті болғандықтан бұл тағамдар диеталық болып саналады. Мұндай сорпаларды салмақ жоғалту немесе емдеу кезінде дұрыс тамақтану ретінде тұтынуға болады. Бұл ретте тағамдық құндылықты арттыру үшін бұршақ дақылдарын да мәзірге қосуға болады.

Сонымен қатар гастроэнтерологтар тамақ дайындау кезінде бірінші қайнаған сорпаны төгуге кеңес берді. Бұл тағамның майсыз болуына және ет құрамындағы антибиотиктердің құрамын жоюға көмектеседі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети