05 желтоқсан 2014 | 12:19

Диқаншылар тағы да қарызға бататын болды ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Биыл ауа-райы қолайсыздығы салдарынан астықтың біраз бөлігі қардың астында қалды. Кәсіпкерлер шығынға ұшырап, тұқымның қажетті көлемін жинай алмады. Осыған байланысты Азық-түлік келісімшарт корпорациясы диқаншыларға ақша бөліп бермекші. Ол қаражатты келесі жылдың астығымен қайтарып беру керек. Аталған келісімнің қарапайым шаруалар үшін қаншалықты тиімді болатыны белгісіз. Себебі құжатта сол астықтың нақты бағасы жазылмаған. Оны келесі жылдың бағасымен қайтару қажет, деп хабарлайды «Алаш айнасы».

Иконка комментария блок соц сети

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Қашқынбаевтың айтуынша, тұқым тапшылығы мәселесін шешу үшін жылда ақша бөлініп жатады. Алайда биыл ауа-райы қолайсыздығынан астықтың біраз бөлігі далада қалғаннан кейін тұқым тапшылығы мәселесі қиындай түсті. Шаруалардың біраз бөлігі тұқымсыз қалды. Осыған байланысты қосымша қаражат бөлуге тура келді. «Жақында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының директорлар кеңесі осындай шешім қабылдады. Бюджет ақшасын алатын диқаншылар ҚазАгро мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясына қарызы болмауы тиіс. Бұл – басты талап. Ол ақшаны бидаймен немесе ақшамен келесі жылдың 1-қарашасына дейін қайтару қажет», - деп атап көрсетті Қашқынбаев мырза. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жетіспейтін тұқымның көлемі де белгілі. Ол – 150 мың тонна. Оны сатып алу үшін республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге бөлініп отыр. Мемлекеттің бұл көмегін 200-дей шаруа қожалығы алады. Соған қарағанда, ҚазАгро мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы алдында қарызы жоқ диқаншылар аз емес сияқты. Аталған талапқа сай келген сол 200 шаруа қожалығы үшін де қарыздың жаңа түрі тиімсіз болатын сыңайлы. Себебі келісімде қайтарылатын астықтың нақты соммасы көрсетілмеген. Қарызды келесі жылдың бағасымен қайтару қажет.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.
 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети