11 желтоқсан 2014 | 11:26

Донбастағы сәбилер Құдайға хат жаза бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Украинаның шығысындағы саяси қақтығыстарды көзімен көрген шарасыз сәбилер Құдайға хат жазып жатыр, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «Шекарасыз Еуропа» ұйымының ФБ-тегі жеке парақшасына сілтеме жасап. Саяси ұйым келтірген мәліметке сүйенсек, Украинаның шығысындағы қақтығыстар кесіренен 122 623 бала өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Иконка комментария блок соц сети

«Шекарасыз Еуропа» ұйымы әскери қақтығыстар салдарынан сол 122 623 баланың 60 пайызы психологиялық соққы алғанын жазады. Олардың 18 пайызы қиян-кескі соғысты өз көздерімен көріп, тағы да 10 пайызының көзінше туыстары мен жақындары өлтірілген.

«Мен жазып отырған хатыма жүгерінің суретін салғым келеді. Біз биыл жүгеріні молдау егіп, оның өнім беруін күтіп жүрген болатынбыз. Былтырғы жылы биылғыдай аса көп жүгері екпеген едік. Бірақ, амал не, біз (өнімді алмай жатып) автобусқа мініп, теңізге көшуге мәжбүр болдық. Менің үйімді қап-қара бандиттер атқылап жатыр. Мен олардан қатты қорқамын, түнде ұйықтап жатқанымда олар шулайтын. Менің енді қорықпауым үшін анам, ағам үшеуміз көшіп кеттік. Мына жер маған ұнайды, бірақ өз үйіме кеткім келеді. Ол жерде менің Чар атты итім қалды, біз таяқша лақтырып ойнаушы едік. Мен таяқшаны лақтырып жіберем, ол болса, лезде әкеп береді. Чар біздің егіс алқабымызды күзететін, бірақ ол жүгерінің қандай дәмді екенін білмейді ғой, егер білсе... Мен әкеме барғым келеді. Одан жүгері алқабын сұрағым келеді. Бандиттер біз жақта тұрақтап қалмасыншы...».

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети