11 сәуір 2014 | 11:41

ДСҰ: ауру малмен бәсекеге бәс тіге аламыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Кеше Қазақ елінің ДСҰ-на енуіне қатысты Вашингтондағы келіссөздер легі аяқталды. Осылайша ДСҰ-на енуге тағы бір қадам алға жылжып, тағы бір келіссөздер шеруін артқа тастадық. Дегенмен Қазақстанның Экономика және ықпалдастық істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлімдегендей ДСҰ-ның табалдырығын аттауға сәл қалсақ та дәл қазір қазақстандық билік бірқатар техникалық мәселе бойынша жұмыс істеуде. «Әзірге ауыл шаруашылығы субсидиясы, фитосанитария, мал шаруашылығындағы санитария сынды мәселелер толықтыруды қажет етіп тұр, ал негізгі мәселелер бойынша қиындықтар жоқ» дейді министр ханым.

Иконка комментария блок соц сети

Осылайша министр негізгі мәселер аясында қиындықтардың жоқ екенін, әйтсе де ауыл шаруашылығы субсидиясы, ветеринария, фитосанитария, мал шаруашылығы салалары бойынша сұрақтар әлі де толықтыруды қажет ететінін ашып айтты. Ал осы тұста Алаш айнасы аталған саланың ДСҰ-на енгендегі салмағы қаншалықты басым болатынын, халықаралық сауда ұйымында бұл салалардың қандай бәсекеге төтеп беруі керектігін таразылап көруді жөн санады.

Ветеринарияны қашан нықтаймыз?

Біздің мемлекетіміз эпизоотикалық даму мәселелерін әлі де шеше алмай отыр. Күні бүгінге дейін елде жануарлар арасында қауіпті аурулардың тарауы мен оның адамдарға жұғуы салдарынан бірнеше рет төтенше жағдайлар орын алды. Бұған дәлел: жыл сайын мал ауруына қатысты қауіпті дерттердің ошағы анықталып, тіпті сол ауру малдың еті сатылымға шығып кетіп, біраз қауымды әуреге салып та қояды.

Негізінен, әлемдегі біраз мемлекеттердің мал шаруашылығы саласын зерттеп, отыратын БҰҰ-ға қарасты ФАО орталығының мәліметінше, ветеринария саласы жақсы дамыған елдердің өзінде әртүрлі мал ауруларының себебінен мал шаруашылығы бір жылда 13-15 пайызға шығынға ұшырайды. Ал ветеринариясы нашар дамыған мемлекеттерде бұл шығын көлемі 30-40 пайызға дейін жетеді. Осыны ескергендіктен БҰҰ бүгінде «ветеринариясын нықтай алмаған мемлекеттердің жағдайы ендігі екі-үш жылда тым нашарлайды» деп дабылдатуда.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети