Менің жасым қазір 35-те. Өзімнің неге тұрмысқа шықпай, отырып қалған қыз атанғанымды кеш білдім. Бәрі де анамның абысынының көре алмауынан болған екен. Ол кісі – атамыздың екінші әйелі.
Менің жасым қазір 35-те. Өзімнің неге тұрмысқа шықпай, отырып қалған қыз атанғанымды кеш білдім. Бәрі де анамның абысынының көре алмауынан болған екен. Ол кісі – атамыздың екінші әйелі.
Біз отбасында жеті ағайындымыз. Анамның көп бала тауып, оларды өсіріп, жетілдіргенін көре алмаған. Анам жас күнінде бұған мән бермеген көрінеді. Бірақ біздің есейген шағымызда апамның жасаған бұл дуасы ағаларым мен әпкелеріме де кесірін тигізіп отыр. Үлкен ағам отбасын құруын құрғанымен екі ай өтпей-ақ ажырасып тынды. Ал екінші ағам әлі бойдақ. Әпкем болса, үш баласымен ажырасып, үйде отыр. Басқаларының да жағдайы мәз емес. Айта берсең әрқайсымыздың өз хикаямыз бір дастан болары сөзсіз. Мен тек өзіме қатыстысын айтқым келеді. Себебі қазіргі уақытта тұрмысқа шықпай оң босағада отырып қалған мен секілді қыздар көп. Соларға сабақ болсын әрі мұндай жағдайдан құтылудың да жолын айта кетпекпін.
Үлкен апамыздың бізге бұрын да талай дуа жасағанын білетін анам бірде үйге келіп: қызым, осы сен жақсы молдаға оқытылып көрші. Айсапардың жасаған дуасы саған да тиген болар. Содан да күйеуге шықпай қалған шығарсың», – деді. Не дерімді білмей, аузыма сөз түспей қалды. Анамның осы уақытқа дейін үнсіз келіп, енді осылай деуі мені таңқалдырды.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.