Азық-түліктің қымбаттауы сауда заңы бойынша - шарасыз процесс. Әсіресе, біршама уақытты салыстырғанда бағаның айтарлықтай өскенін аңғаруға болады. Осы ретте Қазақстанда соңғы екі жылда бағаның қалай өзгергені туралы мәліметтерді ұсынамыз.
Азық-түліктің қымбаттауы сауда заңы бойынша - шарасыз процесс. Әсіресе, біршама уақытты салыстырғанда бағаның айтарлықтай өскенін аңғаруға болады. Осы ретте Қазақстанда соңғы екі жылда бағаның қалай өзгергені туралы мәліметтерді ұсынамыз.
Мысалы, қымбаттаған азық-түлік көшбасшысы - ашытқы, ал тауықтың бір аяғы кезіндегі тауықтың өз бағасына тең болды.
Айта кетейік, мысал ретінде алынған кестеде еліміздегі орташа баға алынды.
Кесте 1. Мәліметтер: ҚР Ұлттық экономика Статистика комитетінен
Ұнның екі сұрыпы да екі жыл ішінде аса қымбаттаған жоқ - 4-5 теңге айырмашылық бар. Ең жоғарғы баға Алматы, Ақтау және Астанада жоғарғы сұрыпты ұнның бір келісі - 170-175 теңге, ал бірінші сұрыптың бір келісі 160-164 теңге аралығында. Ең арзан баға Павлодарда - 113 және 81 теңге.
Нан бағасы екі жылда 5-10 теңгеге өсті. Ал шаймен ішетін заттар айтарлықтай қымбаттаған. Пішіненің бір келісі 69 теңгеге өскен (ең төменгі баға Ақтөбеде - 455 теңге, ал ең жоғарғы баға Ақтауда - 749 теңге). Пірәндік - 64 теңгеге (ең төменгі баға Таразда - 387 теңге, ал жоғарғы баға - 815 теңге).
© Тұрар Қазанғапов
Дәнді-дақылдар арасында айтарлықтай қымбаттаған тары - 19 теңгеге, күріш - 18 теңгеге. Басқа түрлері (ұнтақ жарма, арпа жармасы, сұлы жармасы) шамамен 5-9 теңгеге қымбаттады. Екі жыл қатарынан қарақұмық (гречка) бағасы төмендеп келеді. 2016 жылмен салыстырғанда 452 теңгеден 251 теңгеге түскен. Асбұршақ (горох) үш теңгеге қымбаттады.
Кесте 2. 2018 жылғы бағалар.
Макарон түрлері орташа есеппен 11 теңгеге өскен, түтік кеспе (рожки) - 8 теңге, кеспе (лапша) - 34 теңге.
Кесте 3.
2017 жылы шай бағасы айтарлықтай қымбаттағанымен, биыл 2918 теңгеден 2886 теңгеге дейін төмен түсті.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, бүгінде шекер (қант) бағасы өсіп жатқанымен, 2016 жылдың көрсеткішіне жеткен жоқ. Ең жоғарғы баға Түркістанда (260 теңге), ал төменгі баға Ақтөбеде (204 теңге). Күнбағыс майы екі жылда 35 теңгеге арзандаған (446-дан 412 теңгеге түскен).
Ал ашытқы бағасы едәуір қымбаттады: бір келісі - 2775-тен 3302 теңгеге (527 теңгеге қымбаттаған) дейін өсті. Майонез 157 теңгеге қымбаттады, бір келісі 614-тен 771 теңгеге дейін өсті. Маргарин - 71 теңгеге (434-тен 505 теңгеге). Шаймен ішетін заттарға қайтып келетін болсақ, кәмпит бағасы 100-150 теңгеге өскен.
2018 жылы тауықтың аяғы орташа есеппен 2016 (689 теңге) жылғы бағамен салыстырғанда бір келі тауық етімен тең болған. Тауық еті бүгінде 757 теңгеге дейін өсті.
© Тұрар Қазанғапов
2017 жылы жұмыртқа бағасы түскеніне қарамастан, биыл 238 теңгеге (10 данасы) дейін өсті. Ең қымбат баға Алматыда - 10 жұмыртқа 303 теңге. Ең төменгі баға Павлодарда - 170 теңге.
Екі жыл қатарынан ет бағасы төмен түсер емес. Сиыр мен жылқы еті 300 теңгеге қымбаттаған, ал қой еті 250 теңгеге, ал доңыз еті - 200 теңгеге. Сонымен қатар, шұжықтар мен сало бағасы да едәуір өскен.
Кесте 4. 2018 жылғы ет бағасы. Мәліметтер: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Сүт өнімдері бойынша сүзбе, қаймақ, мәйек ірімшігі қымбаттаған.
Кесте 5. Мәліметтер: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Иллюстрациялық сурет: pixabay.com
2016 жылдың қыркүйегінен бастап сүт бағасы 25-32 теңгеге өскен.
Кесте 6. 2018 жылы сүт өнімдерінің бағасы. Мәліметтер: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Екі жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда балық және консерві сатып алу біразға шығынға түсіреді - 100-175 теңге. Майшабақ бағасы - 63 теңгеге өсті.
Бөтелкедегі су 6 теңгеге (81 теңге) өсті. Ал арақ бағасы - 632 теңге, яғни орташа есеппен бір литр үшін - 2 676 теңге.
Кесте 7. Мәліметтер: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Көкөністерге қатысты екі жылда республика бойынша қызанақ бағасы 270-тен 242 теңгеге түскен, сарымсақ 880-нен 552 теңгеге төмендеген. Басқа көкөніс түрлері қымбаттап жатыр. Сәбіздің орташа бағасы 95-тен 121 теңгеге, ала орамжапырақ екі теңгеге, үрмебұршақ (фасоль) - 546-дан 632 теңгеге, қызылша - 104-тен 149 теңгеге өсті. 2017 жылмен салыстырғанда картоп (7 теңге), жуа 22 теңгеге), және қияр (26 теңгеге) бағасы төмендеген.
© Тұрар Қазанғапов
Жемістер арасында цитрустық жемістер: лимон 817-ден 880-ге, апельсин - 496-дан 540 теңгеге өсті. Алманың бағасы 72 теңгеге өскен. Банан небәрі 2 теңгеге арзандады. Кептірілген өрік бағасы 189 теңгеге арзандады.
Кесте 8. 2018 жылы жеміс-жидек пен көкөніс бағасы. Мәліметтер: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Қазан айының басында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс пен қала әкімдерін бағаның өсіп жатқаны үшін сынға алған еді.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтың мәліметінше, азық-түлік бағасы жыл басынан бері 2,3 пайызға өскен.
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге көтеруді тапсырған болатын - 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін. Бұл дегеніміз 1,3 миллион адамның жалақысы көтеріледі деген сөз. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдары аралығында жыл сайын 96 миллиард теңге бөлініп отырады.