Экс-вице-министрдің ісі: тәркіленген Bentley мен Maybach сатылмады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: e-auction.gosreestr.kz Фото: e-auction.gosreestr.kz

Экс-вице-министр Тоқтабаевтың ісі бойынша тәркіленген Bentley Bentayga және Mercedes Maybach көліктерінің саудасы өтпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Экс-вице-министр Тоқтабаевтың ісі бойынша тәркіленген Bentley Bentayga және Mercedes Maybach көліктерінің саудасы өтпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қылмыстық іс бойынша тәркіленген жалпы құны 200 миллион теңгеге жуық автомобильдер кейіннен мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру және бекіту үшін сауда-саттыққа шығарылған. Бұл ретте жалғыз қатысушы болса да сауданы жүргізу жоспарланған.

"Ұсыныс мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау, мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында белгіленген өлшемдерге сәйкес болған кезде қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғаларға беруге арналған", - делінген хабарландырудың түсіндірме бөлігінде

"Электрондық сауда алаңында" жарнамалар жарияланған. Сайтта көліктердің суреттері де бар.

Фото e-auction.gosreestr.kz

Сатылымға қара түсті 2021 жылы шығарылған Bentley Bentayga V8 қойылған. Көлік биыл сәуірде бағалаудан өткен. Бағалаушы кроссовердің нарықтық құнын 104 миллион 316 мың теңге деп нақтылаған.

2021 жылы шығарылған ақ түсті Mercedes-Bens Maybach S580 4Matic төмендеу бағаға бағаланды. Оның нарықтық құны 79 миллион 839 мың теңге болған. Электрондық сауда алаңының веб-сайты екі көлікте де бұғаттау түріндегі кепіл бар екенін атап өтеді.

Айта кетейік, Bentley Bentayga автокөлігінің саудасы 2024 жылдың 3 шілдесіне жоспарланған, бірақ өтінімдердің болмауына байланысты ол өтпеді.

Mercedes-Bens Maybach S580 аукционы 5 шілдеге жоспарланған, бірақ ол да болмайды.

Еске салайық, Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді. Оның ішінде: 2021 жылы шыққан "Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC" маркалы авто; 2021 жылы шыққан "Bentley Bentayga V8" маркалы авто.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro