24 қараша 2014 | 12:36

Ел экономикасына қажеті мамандар 1,5 жылда даярланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков (фото) ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жаңа өндірістерге 10 мыңнан астам маман қажет болады. Білім және ғылым министрлігі оларды магистратура бойынша 1,5 жылдың ішінде оқытып шығаруды ұсынып отыр, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.


Иконка комментария блок соц сети

 Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жаңа өндірістерге 10 мыңнан астам маман қажет болады. Білім және ғылым министрлігі оларды магистратура бойынша 1,5 жылдың ішінде оқытып шығаруды ұсынып отыр, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Индустрияландыру картасы аясында экономика мен ғылым арасындағы байланысты 10 университет қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін аталған жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартып, экономикаға қажетті маман даярлау жұмысын жолға қою қажет. «Осы тапсырмаға орай біз тиісті жұмыстарды қолға алып, 11 жоғары орнын анықтадық. Астанада - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, орталықта - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, шығыста - Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Алматыда - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, оңтүстікте - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ал солтүстікте Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті агроөнеркәсіп, инженирия, жеңіл және химия өнеркәсібі бойынша маман даярлайтын болады. Сондай-ақ Атыраудың мұнай және газ институты өз саласына қажетті маман оқытады», - деп атап көрсетті Т.Балықбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның сөзіне қарағанда, жылдың соңына дейін аталған 11 жоғары оқу орнының ішінен нақты 10 университет таңдалады. Олар мемлекеттік бағдарламаға қатысып, ел экономикасына қажетті мамандарды даярлайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети