06 маусым 2024 | 11:38

"Енді қайталанбайды". Қол көтерген ер адамға сенуге бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазір "жақсы көргесін ұрады" деген сөздің дұрыс емес екенін көпшілік түсініп келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, өкінішке қарай, әлі күнге дейін өзекті проблема. Статистика бойынша, әлемдегі әр үшінші әйел өзінің серігінен физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көреді. Бұл тақырыпты сырттай талқылау бір нәрсе. Ал өзіңіз құрбанға айналсаңыз, бұл тіптен басқа нәрсе. Өзінің сүйіктісіне қол көтерген ер адамды кешіруге бола ма? Бұл сұраққа психолог Михаил Лабковский өзінің телеграм-каналында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Әдетте өзінің екінші жартысына қол көтерген ер адам сәл уақыт өткеннен кейін одан жалынып кешірім сұрайды: бұл бірінші және соңғы рет болғанын, енді қайталанбайтынын айтады. Оның бұл уәдесіне сенуге бола ма?

Психологтың айтуынша, адам әркез кез келген іспен айналысқанда бұл оның қолынан келетінін білдіреді. 

Мысалы, сіз асүйде салат турап тұрсаңыз, сіз мұны істей аласыз деген сөз. Сіз өзіңізге енді пышақ пен тақтайға жоламаймын десеңіз де, бұл дағды ешқайда кетпейді. Бұл теория бойынша сіз шешіміңізді өзгертіп, қияр мен салат жапырақтарын турауға баруыңыз мүмкін екенін білдіреді. 

Бұл сізге қол көтерген ер адамдарға да қатысты. Бұл жағдайдан соң сіз оның бұл нәрсеге бара алатынын білуіңіз керек. Ол өз уәдесінде тұра ма, жоқ па белгісіз: оны ешкім нақты білмейді. Бірақ сіз оның серігіңіздің қолынан келетінін білесіз: ол сол нәрсеге бара алады.  

Психолог басты нәрсені ұмытпауға кеңес берді: адамның барлық жасаған нәрсесі, тіпті, оны бірінші рет жасаса да, бұл оның психикасының "баптауында" бар екенін білдіреді. Бұл ереженің тек кішкентай балаларға қатысы жоқ.

Сондықтан бұл жерде серігіңіз өзгере ме деген сұрақ маңызды емес. Сондай-ақ оның сізді нешінші рет ұрғаны да маңызды емес. Іс-әрекеттің өзі маңызды. 

Осыны біле тұра соңғы шешімді тек өзіңіз қабылдауыңыз керек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети