Ер адамдарға жатыр мойны обырына скрининг жасалған: Қаржы министрлігі қаражатқа қатысты жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адамдарға жатыр мойны обырына скрининг жасалған: Қаржы министрлігі қаражатқа қатысты жауап берді Midjourney арқылы жасалған сурет

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков медициналық сақтандыру қорынан жалған медициналық қызметтерге жұмсалған қаражатқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков медициналық сақтандыру қорынан жалған медициналық қызметтерге жұмсалған қаражатқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, қазір қорға қатысты мемлекеттік аудит жүргізіліп жатыр, соның аясында жалған қызметтерге төлем жасау деректері де тексеріліп жатыр.

"Қордың қызметіне қатысты мемлекеттік аудит енді ғана басталды. Бұған дейін анықталған және қазір анықталып жатқан жағдайларды құқық қорғау органдары өз бетінше тергеп жатыр. Біздің міндет - алдағы уақытта мұндай жағдайлар болмауы үшін "белгі қою", алдын алу тетіктерін енгізу", - деді Темірбеков Сенат дәлізінде.

Анықталған бұзушылықтардың нақты сомасы мен ауқымы мемлекеттік аудит аяқталғаннан кейін жарияланады.

Сондай-ақ, Дәурен Темірбеков денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелердің тым көп әрі бытыраңқы екені сынға алынғаннан кейін, оларды бір жүйеге біріктіру жоспарланып отырғанын айтты.

"Бұл жұмыс басталып кетті. Жақын арада бірыңғай жүйе таныстырылады, алдын ала іске қосу наурызға жоспарланған", - деді спикер.

Еске салайық, 16 қаңтарда Үкімет медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешім қабылдаған. ӘМСҚ жұмысы талданғаннан кейін көптеген заңбұзушылық пен қаражатты жұмсаудың тиімділігі төмен екені белгілі болды. Қаржы министрі баяндамасында қайтыс болған науқастарды "емдеу", қосып жазу деректері, сондай-ақ, ер адамдарға жатыр мойны обырына скрининг жасалған деген жалған жағдайлар барын келтірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.28  course up  585.46  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети