Спорттың әрбір үшінші түрінде спортшы әйелдер ерлерге қарағанда аз сыйақы алады. Мұндай мәліметті «Би-би-си» арнасы жариялады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Спорттың әрбір үшінші түрінде спортшы әйелдер ерлерге қарағанда аз сыйақы алады. Мұндай мәліметті «Би-би-си» арнасы жариялады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Жуырдағы британдық «Би-би-си» арнасы спортшылардың сыйақыларына байланысты арнайы зерттеу жүргізді. Бұл зерттеудің қорытындысы бойынша, ер спортшыларға қарағанда әйел спортшылар үш есе аз сыйақы алатын болып шықты.
Сыйақыға қатысты ерлер және әйелдер арасындағы үлкен айырмашылық футбол, крикет, гольф, дартс, снукер (тастаяқтың бір түрі) және сквоштта өте жоғары.
«Иә, бұл спорт түрлерінде сыйақы айырмашылығы өте жоғары. Оны қысқарту керек. Дегенмен, бұл бір күннің ішінде шешілетін мәселе емес. Алдағы уақытта ақырындап шешіледі деген ойдамын. Баршаңызға белгілі, соңғы кездері әйелдер қатысатын додалар да қызықты өтетін болған. Келетін жанкүйерлердің де қарасы артқан. Алайда, қазір әйелдер спортына БАҚ тарапынан көп көмек керек. Сондай-ақ қаржылық көмектің де қажет екені айтпасада түсінікті», - дейді бұл сауалға қатысты Ұлыбританияның спорт министрі Хелен Грант. Грант сондай-ақ ер және әйел спортшылардың сыйақыларын теңестіру ХХІ ғасырдағы ер мен әйел құқығын теңестірумен пара-пар келетінін айтты.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар