08 желтоқсан 2020 | 17:19

"Ерлігі ұрпаққа үлгі". Балалар Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың суретін салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аружан Алдабергенова ©Аружан Алдабергенова

Ұмытуға болмайтын ерлік бар. 1945 жылдың 30 сәуірінде жеңіске бірнеше күн қалған кезде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен еді. TengriMIX "Жеңіс батырлары" байқауына қатысып жатқан жас суретшілердің алғашқы жұмыстарын жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Ұмытуға болмайтын ерлік бар. 1945 жылдың 30 сәуірінде жеңіске бірнеше күн қалған кезде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен еді. TengriMIX "Жеңіс батырлары" байқауына қатысып жатқан жас суретшілердің алғашқы жұмыстарын жариялады.

#1

Аружан Алдабергенова, Алматы, 11-14 жас

"Әкем бізге атамыздың соғысқа қалай қатысқанын, өмірлік жолын, адамдарға қалай көмектескенін айтып отыратын. Бірде мен басқа сарбаздардың соғысқа қалай қатысқаны туралы ойландым. Олардың тағдыры мен арманын, сұрапыл соғыстағы қиындықты қалай еңсергенін, Жеңіске жеткен кезде қалай қуанғанын білгім келді. Мен ізденісімді бейбіт күннің қалай орнағанынан бастадым.

 

Оған отандасымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі себеп болды. 1945 жылдың 30 сәуірінде ол Григорий Булатовпен фашистік Германияның астанасы Берлинді шабуылдау кезінде бірінші болып, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

 

Мен ата-бабаларымыздың ерлігін мақтан тұтамын. Жеңіске жету оңай болмағанын суретім арқылы көрсеткім келді. Ақ және қара түстерді пайдаландым. Мұндай техниканы жай таңдаған жоқпын.

 

Осылайша, мен барлық әрекетті ерекше етіп көрсеткім келді. Бұл суретті көрген адамдар өткенге үңіліп, сол уақыттың атмосферасын сезініп, туған ұлдарының ерлігін мақтан тұтқанын қаладым".

 

#2

Николай Милинцов, Талғар, Алматы облысы, 7-10 жас

"Рақымжан мен Григорий пулеметтен бораған оққа қарамастан, өмірлерін қатерге тігіп, Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Бұл 1945 жылдың 30 сәуірі еді.

 

Мы в логове врага, бои все жестче…
Но не сломить наш крепкий дух!
Поставить точку мы должны на главной башне,
И разгромить фашистов в прах, и в пух!
О, как же бешено стучит и рвется сердце!
Перемешалось все - восторг и страх.
Мы жили мирно, видит Бог, и честно!
Отпор дадим всегда, пусть помнит враг!

 

"Гиммлер үйі" мен Рейхстагтың арасы 360 метр болатын. Бұл аралықта Қошқарбаев пен Булатов бораған оқ пен оттың ортасында жүріп, 7 сағатта бағындырды. Өкінішке қарай, олардың ерлігі кеш бағаланды.

 

Мы никогда ваш подвиг не забудем!
И сколько б ни минуло еще лет -
История расставила все точки,
Вопросов в этом деле больше нет!
До вражеского логова дошли вы,
Рискуя жизнью, через боль и страх.
И над Рейхстагом пламя водрузили!
Ваш подвиг будет вечно жить в сердцах!

Мен тақырыпты терең түсініп, сұрапыл соғыс жылдары жағдайдың өте ауыр болғанын сездім. Бұл өлеңді әжем екеуміз жаздық".

 

#3

Дарья Миронцева, Көксу станциясы, Алматы обласы, 7-10 жас

"Қазақстан халқының жадында жас сарбаз Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі мәңгі сақталады. Ол алғашқылардың бірі болып Берлиндегі Рейхстагқа Кеңес әскерінің туын тікті. Қошқарбаев небәрі 21 жаста еді. Ол - жауынгер, батыр және ержүрек адам".

#4

Варвара Верхулевская, Балқаш, Қарағанды облысы, 7-10 жас

"Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов олар - есімі мәңгі ұмытылмайтын батырлар. Рақымжан 18 жасында соғысқа аттанды. Ерлігі үшін 4 рет марапатталды. Қайтыс болғаннан кейін оған "Халық Қаһарманы" атағы берілді. Ал Григорий 17 жасында майданға аттанды. Ерлігі үшін 7 рет марапатталды".

 

#5

Дария Ертай, Көкшетау, 7-10 жас

#6

Надежда Высоцкая, Панфилов кенті, Талғар ауданы, Алматы обласы, 7-10 жас

"Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі сұхбаттарда және естеліктерде айтылды.

Мысалы, оның бораған оққа қарамастан 360 метрді бағындырғанын, сарбаздар туға неге инициал қалдырғанын жатқызуға болады. Себебі олар сұрапыл соғыстан тірі қалатынына сенімді емес еді. Ең жарқын сәт - лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың досына айтқан сөзі:

"Өлуге уақыт жоқ, біз Рейхстагқа туды бірінші болып, тігуіміз керек!".

Туыстарының айтуынша, ол өз әрекетін ерлік деп санамаған. Батыр адам ешқашан ерлігін айтып, мақтанбайды. Мұндайда қарапайым, рухы биік адамның батылдығын аңғаруға болады. Өзіме мынадай тұжырым жасадым, жетістіктер де, сәтсіздіктер де жақсылық я жамандық шақырмайды".

#7

Камила Рымжан, Павлодар, 11-14 жас

"Қошқарбаевтың ерлігі Қазақстан үшін өте маңызды. КСРО мен фашистік Германия арасында болған соғысқа Кеңес Одағы құрамында болған республикалардың көптеген сарбазы қатысты. АлайдаБерлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын отандасымыз тікті".

 

#8

Данияр Серікбаев, Атырау, 11-14 жас

#9

Катерина Нетесова, Панфилов кенті, Талғар ауданы, Алматы облысы, 7-10 жас

"Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылдың 19 қазанында дүниеге келді. Әкесі мен анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Ол 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына қабылданды. Алдымен ол атқыштар полкіне түсіп, әскери дайындықтан өтті. 1943 жылдың жазында Тамбов жалпы командалық жаяу әскер училищесіне жіберілді. Тек 1944 жылдың қазанында кіші лейтенант Қошқарбаев училищені үздік бітіріп, соғысқа аттанды.

Ол дивизияда батыл офицер ретінде танылды. Сондықтан Берлин шайқасы кезінде оған Рейхстагқа Жеңіс туын тігу бұйрығы берілген шығар. Бұл - нағыз ерлік. Ол бораған оққа қарамастан бұл қиындықты еңсеріп, бұйрықты орындады.

Соғыстан кейін ол "Алма-Ата "қонақүйінде басқарушы болып, жұмыс істеді".

#10

Руфина Нетесова, Панфилова кенті, Талғар ауданы, Алматы облысы, 7-10 жас

"Берлин операциясы 1945 жылдың 16 сәуірінен 8 мамыры аралығында жүргізілді. Ол соңғы операциялардың бірі еді. Операция барысында Кеңес әскері қалаға әрең кірді. Берлиннің қорғанысы өте мықты болды. Кеңес әскері әрбір үйді, әрбір көшені алу үшін ерлікпен күресті. Соғыс түнде де, күндіз де тоқтаған жоқ. Қалада көптеген соғыс техникасы, танк болды.

Кеңес әскері ерлікпен күресіп, Рейхстагқа жақындай түсті.Көптеген әскер ғимаратқа кіруге тырысты. Алайда 30 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов бораған оққа қарамастан Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

2 мамырда таңертең Рейхстаг гарнизоны тізе бүкті. Алты күннен соң фашистік Германия жеңілгендігі жөнінде Актіге қол қойды".

#11

Сабрина Жоламанова, 11-14 жас

"Жеңіс батырлары" сурет байқауын "Алаш Медиа Групп" медиа холдингі мен ЮНЕСКО клубтарының қазақстандық ұлттық федерациясы бірігіп, ұйымдастырып жатыр.

Айта кетейік, конкурсқа 7-18 жас аралығындағы суретшілер қатыса алады.

Байқауға қатысушылар өз шығармашылығы арқылы Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігін бейнелей алады.

Жобаның идеясы қазақстандық, ресейлік режиссер Константин Хараламписке тиесілі.

Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржылай көмегімен "Ұлы отан соғысының батырлары: Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов" деректі фильмін шығару жоспарланып отыр.

7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер суреттерін (7-10, 11-14, 15-18 жас санаттары бойынша) 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін жібере алады.

Жұмыстар 3 бағыт бойынша қабылданады: графика, кескіндеме, цифрлық кескіндеме. Ұйымдастырушыларға жолданатын сурет санына шектеу қойылмаған.

Суреттерді қабылдау мынадай номинация бойынша жүргізіледі:

- Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысына дейінгі және кейінгі өмірі;

- Берлин үшін шайқас;

- Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов: Рейхстагқа шабуыл жасау және Жеңіс туын тігу.

Байқауға қатысу үшін сауалнаманы толтырып, суретті жүктеу керек. Суреттер тек электронды түрде сілтеме бойынша қабылданады.

Байқаудың барлық қатысушысы байқауға қатысқаны үшін сертификат алады, ал жеңімпаздар диплом алады. Оларды ұйымдастырушылардың сайтында 2021 жылдың ақпан айында жүктеуге болады. Бұдан басқа, үздік жұмыстар режиссер Константин Харалампис - "Ұлы отан батырлары: Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов"деректі фильміне түседі.

Жоба қорытындысы бойынша байқауға қатысушылардың суреттері туралы фоторепортаж Tengrinews.kz, Kaz.tengrinews.kz және Massaget.kz сайттарында жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети