Сан ғасырлар сорабынан өткен ата-бабаларымыздың мақал-мәтелдеріне мән бермейтініміз бар емес пе? Бірақ маңдайың тасқа тигенде ғана аһ ұрады екенсің. Атам - қазақ қой бағып жүріп шығара берген деп бағалайтын сол мақалдарымызда қаншама мән-мағына жатыр. Қой бағып қана қоймай, ой да баққан екен ғой. «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» дегенінде де терең мағынаны меңзеген екен. Әттең... Газет оқырмандарымен маза бермей жүрген ойыммен бөліссем деп едім. Бәлкім, біреуге сабақ болар, біреу жөн сілтер...

Бала кезімде керемет ақылды, асқан сұлу келіншегім болады деп армандайтынмын. Адамның ойлағаны емес, Алланың дегені болады екен ғой. Анамның «үйленсейші, бас құра» деп миымды шаға бергенін онша елемей, қалағанымды, жаным сүйген жарымды аламын деп асықпадым. Біраз қыздардың тамырын басып көргем. Бірақ қара шаңырақтың түтінін түтетуге лайықты деп таппадым. Содан күндердің күнінде бір құдашама көзім түсті. Оны бұрыннан да танитынмын. Бірақ мән берген емес едім. Екеуміз бір жерде жұмыс істейміз. Ол есеп маманы, мен жүргізушімін. Алғашында амандасқаннан әріге бармайтынмын. Құдашам күнде бір қылық шығарып, күлімдеп, назданып, өзіне көңіл аудартпай қоймады. «Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды» деп желігіп жүрген шағым. Құдашамның бұрын тұрмыста болғанын да білетінмін. Арыға бармаспын деп ойлағам. Бірақ оның біздің үйдің түтінін түтетеді деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Бір жолы ол үйіне шақырды. Туған күнім деп қиыла шақырған соң көңілін қимадым. Құрбылары мен жаққа қайта-қайта қарап күбір-сыбыр еткеніне мән бермеппін де. Іштік, жедік, биледік. Таң ата қарасам, құдашамның құшағына жатырмын. Шошып кеттім. Көп сілтемейтін едім, өзіме-өзім таңғалдым. Осы уақытқа дейін есімді білмей ішпеген едім. Сан соғып қалдым. Құдашаға да бұрынғыдай жолай бергім келмейтін. Бірақ ол амалын тауып қасымнан табылатын. Күндердің күнінде ол маған өзінің менен аяғы ауыр екенін айтты. Ат-тонымды ала қаштым. Бірақ маған алыстау ағайынымның әйелі, яғни жеңге болып келетін оның әпкесі үйге келіп шаңымызды қағып кетті. Егер тез арада үйленбейтін болсақ, мені соттататынын да қоса айтып қорқытып кетті. Мұны естіген анамның есі шықты. «Тіреп тұрған кіміміз бар? - күйіп кетесің ғой, балам-ау, ал енді осыны...» деп еңірегенде етегі жасқа толды. Сонымен, амалсыз үйленуіме тура келді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...