Етті көп жеудің қандай зияны бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Етті көп жеудің қандай зияны бар? Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ет пен сүттің көп мөлшері бүйрекке зиян, тіпті бүйректе тас пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Уролог Гурген Мартиросян Gazeta.Ru басылымына берген сұхбатында мұндай рационның зияны туралы ескертті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ет пен сүттің көп мөлшері бүйрекке зиян, тіпті бүйректе тас пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Уролог Гурген Мартиросян Gazeta.Ru басылымына берген сұхбатында мұндай рационның зияны туралы ескертті.

Дәрігер ет және сүт өнімдерінде жануар майы көп екенін жеткізді. Ас қорыту кезінде олар пуриндерге, соның ішінде несеп қышқылына ыдырайды.

Маманның айтуынша, ет пен сүт өнімдерін сұйықтықпен, талшыққа бай өнімдермен бірге тұтынбаса, қауіпті саналады. Уролог ерлерде, сондай-ақ, ішек аурулары бар адамдарда жағымсыз әсердің қаупі жоғары екенін нақтылады.

Алайда Гурген Мартиросян қызыл еттен де, сүттен де толық бас тартпауға шақырды. Оның айтуынша, ет пен сүттің құрамында пайдалы заттар бар, олардың жетіспеушілігі денсаулықтың басқа да маңызды мәселелеріне қауіп төндіреді.

Қауіпті азайту үшін маман рационға мүмкіндігінше көкөніс қосуға және жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуге кеңес берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети