18 мамыр 2016 | 16:31

"Еуразия" арнасындағы даулы сюжетке мамандар не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот Скриншот

Психологиялық және лингвистикалық сараптама саласының мамандары Tengrinews.kz тілшісінің өтініші бойынша "Еуразия" Бірінші арнасының елімізде дауға айналған екі бағдарламасына қатысты пікір білдірді.


Иконка комментария блок соц сети

Психологиялық және лингвистикалық сараптама саласының мамандары Tengrinews.kz тілшісінің өтініші бойынша "Еуразия" Бірінші арнасының елімізде дауға айналған екі бағдарламасына қатысты пікір білдірді.

"Эксплицит (анық) әрі имплицит (жасырын) конфликтогенділік бар, мұнда креолизденген мәтін бар (екі түрлі бөлігі бар фактурасы бар мәтін: вербалды (тілдік/сөйлеу) және бейвербалды (табиғи тілден гөрі басқа белгі жүйелеріне бағынатын), қолдан жасалғаны да бар, себебі олар нағыз қолдан жасалған кадрды көрсетті", - дейді филология ғылымдарының докторы, Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Марал Нұртазина.

"Көрдіңіз бе, бастапқыда бәрі керемет естіледі, ал негізінде мұнда конфликтогенділік ап-айқын тұр, сотқа беруге болатын жағдайдың бәрі бар", - деді ол.

Тағы бір маман - Мәскеу зерттеу орталығының лингвистикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Юлия Сафронова видеоның бірінші минутында-ақ нағыз көзбояушылықтың барын атап өтті.

"Бұл тапсырысты, насихатты, үгітті орындау - Ленинтің мәнері. Мұның барлығы санаға әсер ету. Бұл, айтпақшы жүргізушілердің ұстанымының әлсіздігін, олардың "отан үшін" тапсырысты орындауға жан бағып тырысып жатқанын көрсетеді. Ал мақсаты біреу - мұның халықтың пікірі емес, митингтердің қаржыландырғанын дәлелдеу", - деп білдірді пікірін ол.

Мұнда кімнің пайданы ойлап отырғанын ойлау керек, бұл наразылықты кімнің тұншықтырғысы келетінін іздеу керек. Бізде дәл осындай жағдай болған, бізге де адамдардың ақша үшін шығып жатқанын, Навальныйдың Тергеудің федерал бюросының агенті деп әрдайым айтып жатты", - деді маман.

Талқылауға Ресейдің тағы бір маманы Ресей федералдық сот сараптама орталығындағы сот-психологиялық және лингвистикалық талдау зертханасының орынбасары Татьяна Секераж қосылды. Ол "Еуразия" арнасы журналистері митингіге шыққандардың қаржыландырылғанының дәлелі деп көрсеткен видеоға назар аударды.

"Бұл видеодан нені көрдіңдер? Біреудің біреуге ақша беріп, сосын ақшаны қалтасына салғаны көрінеді. Ол не ақша? Бұл үзінді нені дәлелдейді? Онымен қоса онда адамдардың түрі де көрінбейді. Біз де қазір бір-бірімізге ақша беріп, соны видеоға түсірейік. Бірақ ол нені дәлелдейді?", - деп талқылайды Секераж.


Видеоның скриншоты

Тіл маманы Юлия Сафронованың айтуынша, мұндай бағдарламар тек жанжал туғызады.

"Бұл қандай да бір жанжалдың шешілуіне себеп болмайды, мәселені анықтауға ниеттері де көрінбейді, олардың айтуы "Жігіттер, шеруге келіп, сендер біреудің тапсырмасын орындайсыңдар, өз пікірлеріңді білдірмейсіңдер" дегенге саяды. Міне, осындай тапсырма орындалған, бірақ өте шалағай орындалған. Ал олардың "Отан үшін" деп қайталай беруі дәлел жоқ кезде патриоттықты сылтау етуін көрсетіп отыр. Бұл ХІХ ғасырда айтылып кеткен "сізде дәлел жоқ, онда мен өз елімді сүйетінімді айта беремін" деген сөз ғой", - деді Сафронова.

"Өз Отаныңды сүю - манипуляция жасау деген сөз емес, мұны тіпті манипуляция деуге де келмейді, өте асығыс жасалған жұмыс. Есі дұрыс адам "неліктен бұл ақша митингіге қатысу үшін беріліп жатыр деп ойлайсыздар?" деп сұрайды", - деді сарапшы.

"Менің ойымша, бұл біреудің, әсіресе митингтің болғанын қаламайтын адамның тапсырысы бойынша жасалған агитпроп", - деді ол.

Ресейлік маман қоғамдағы шиеленіс кезінде бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаның мән-жайын анықтап, бір жағынан халықты сабырға шақыруға міндетті екенін айтты.

"Мұндай әрекет жақсылыққа апармайды. Лев Николаевич Толстой "Соғыс және бейбітшілік" романында: Соғыс - сыпайылық емес, - деп айтқан. Осыны түсініп, соғыспен ойнамау керек екенін ұғыну керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Сафронова мемлекет мұндай заңды қабылдамас бұрын жарты жылдай уақыт бойы оны азаматтарға түсіндіріп, түзету енгізуі керек еді деп есептейді. Ол бұл мәселе бойынша ақпарат таратуда БАҚ-тың ролі зор болу қажет екенін де айтты.

"Мысалы, мына тележүргізушінің әрекеті мәселені шешті ме? "Сенде дәлел болмаса да, эмоция бар" деген сөз бар. Ал бұл сюжет тек эмоциядан тұрады", - деп есептейді ол.

Юлия Сафронова мұндай бағдарламалардың адам психологиясына әсері туралы сұраққа жауап бере отырып, жүргізушілердің әрекеті шынымен де агрессиялық болғанын айтты. "Булгаков "кеңестік газеттерді оқымаңдар" деп айтқан. Ең дұрысы - мұндай арналарды көрмеу керек", - деді ресейлік маман.

Айта кетейік, осы материалда пікірі қолданылған сарапшылардың барлығы Астанада өткен "Сот психологиялық-филиологиялық және дінтану сараптамасы бойынша өзекті мәселелер" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинардың қатысушылары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети