14 маусым 2018 | 11:54

"Еуропалықтар сияқты болып барамыз". Қазақстандық қыз Литвадағы өмірі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шетелде тұратын қазақстандықтар бір-бірімен амандаспайды, алдынан кездессе де, танымаған кейіп танытады, әркім өз өмірімен жүреді. Осыған қарап біз еуропалықтар сияқты жабық болып баратынымызды аңғарасың",- дейді Литвадағы қазақтардың Nursaule бірлестігінің басшысы Сабина Канапина. 


Иконка комментария блок соц сети

"Шетелде тұратын қазақстандықтар бір-бірімен амандаспайды, алдынан кездессе де, танымаған кейіп танытады, әркім өз өмірімен жүреді. Осыған қарап біз еуропалықтар сияқты жабық болып баратынымызды аңғарасың",- дейді Литвадағы қазақтардың Nursaule бірлестігінің басшысы Сабина Канапина. 

"Қазақстанда адамдар бір-бірімен амандаспаса бір жөн, бірақ шетелдегілер көріскен жағдайда міндетті түрде қал сұрасу керек деп ойлаймын. Мүмкін ол адамның қиындықтары немесе қояр сұрағы бар шығар. Өмірдің қалай өзгерерін білмейсің, көмекке мұқтаж шығар".


Вильнюс көшелерімен серуендеп жүріп Сабина Канапина Литвадағы қазақтардың бірлестігінің қалай құрылғаны жайлы айтып берді.

"Шыны керек, намыстандым. Неге біз еуропалықтар секілді өз-өзімізбен тұрамыз. Жиналып, көрісіп тұру керекпіз ғой. Литвадағы Қазақстанның елші болмаса жиналмас та едік. Сол кездегі елші Ғалымжан Қойшыбаев еді (2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің орынбасары). Ол бізге өте үлкен көмек көрсетті. Бірде Ғалымжан Тельманұлы бізді жинап, "бірлестік құрайық "деп ұсыныс жасады. Сол кезден бастап жұмысты бастадық. Керек құжаттарды түгендеп, қазақтардың бірлестігі деп ұйымды тіркедік, сөйтіп жұмыс алға басты. Өзіміздің ресми мектебіміз бар. Барлық жұмысымызға елшілік көмектеседі. Олар қазақ тілін үйренушілерге кітап, брошюралар береді. Сондай-ақ, Литва Үкіметі жанындағы Аз ұлттар істері жөніндегі департаменті бізге арнайы орын бөлді, бұл да жұмысымызға көп көмектеседі".

- Литвада қанша қазақстандық тұрады? Қаншалықты жиі жиналып тұрасыздар?

- Литва бойынша ресми 320-ға жуық, ал бейресми 500-дей адам тұрады. Олардың саны жал санап өсіп жатыр. Біздің бірлестікке 70 адам кіреді. Қазақ, орыс, татарлар да бар, олардың барлығы Қазақстанның тумалары. Қазақ мейрамдарын түгел білетін, жиі жиналып тұратын белсенділер де бар. Отбасында әрдайым бауырсақ, манты, күріш жасап тұрамыз. Ал Наурыз мейрамында қала сыртынан үй жалдап, тойлатамыз. Алдыңғы уақыттары сценарий бойынша қазақтың беташар, бесікке салу сияқты дәстүрлерін көрсететінбіз. Ұлттық киімдеріміз бар. Литвада өтетін түрлі мәдени шараларға белсенді қатысуға тырысамыз.

- Сабина, Литвада тұрып жатқаныңызға қанша болды?

- 2006 жылы іссапармен осында келіп, жігітпен таныстым. Мұнда қаламын деп ойламаппын, бірақ өз махаббатымды кезіктіргендіктен қалуды шештім. Литвада тұрғаныма 12 жыл болды. Үш балам бар: екі ұл мен бір қыз. Күйеуім литвалық поляк. Өзім Арқалықтанмын.

- Литвада неге ұзақ үйренісе алмадыңыз?

- Литвалықтардың әдетіне. Ең алдымен мұндағы климат қатты ұнады, ауасы ылғалды, ағаштар көп, жел аз, шаң мен түтін жоқ. Жаңбыр жиі жауып тұрады. Литвалықтардың кей жағдайға жәйбарақат қарағаны ұнайды. Олар өздерін жақсы көреді, қалай демалу керектігін бідеді. Бос уақыттарын өздері мен балаларына арнайды. Балаларына көңіл көп бөледі, ол өте маңызды. Жұмыс уақыты кешкі 17.00-ға дейін, Қазақстанда да осындай болса екен деп тілеймін.


- Литвада жұмыс кестесі қандай? Онда өмір сүру үшін айына қанша ақша табу керек?

- Жұмыс уақыты таңғы 8 ден 16.30-17.00 ге дейін. Мұнда газ бен электр қуаты өте қымбат. Айына табысы 1000-1500 еуро болса, орташа деңгейде тұруға болады. Оған коммуналдық қызмет, балабақша, мектеп кіреді. Кішкене үнемдеп, демалысқа шығып келсе де болады. Баспана алу қиын, өте қымбат. Жылжымалы мүлік бағалы дүние болып саналады.

- Литвалықтар қазақстандықтардан қандай қасиет ала алады?

- Қонақжайлық. Мұнда адамдар өте сабырлы, мейрімді, бірақ суықтау. Қазақстандағыдай қонақжай емес. Суықтық отбасылар арасында да байқалады. Мысалы күйеуімнің ағасы бар. Оның отбасы бір бөлек, біз өз-өзімізбен өмір сүреміз. Мейрамдарда ғана кездесеміз. Бұндайға көп уақыт үйренісе алмай жүрген едім, кейінірек олардың өмір салты осындай екенін түсіндім. Литвада туысқан деп көмек көрсету деген жоқ. Қазақстандықтарға литвалықтардың ұстамдығын үйрену керек сияқты. Себебі біз эмоционалды халықпыз, тез жауап қайтарамыз, ол әрдайым жақсылыққа әкелмейді.


Сабина Канапинаның жеке мұрағатынан алынған суреттер

- Дәстүрлі сұрақты қоймасам болмас. Нені сағынасыз?

- Құрт, бешбармақты сағынамын. Себебі оны біз жиі жеп тұрмаймыз. Жылқының етін де сағындым. Мұнда оны сатпайды. Қазақстаннан жылқы етін жіберсе, отбасы болып жиналамыз. Қазы, шұжық әкеліп ет асамыз. Көп қылып емес, әрине, ең бастысы - иісін сезу. Себебі сол кезде өзіңді үйіңде жүргендей сезесің.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети