16 сәуір 2024 16:57

Фейк тарату: қай кезде айыппұл, қай кезде түрмеге жабу қарастырылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар көп жағдайда білместіктен жалған ақпарат таратушыға айналады. Ал заңда бұл мәселені реттейтін әкімшілік, тіпті қылмыстық нормалар қарастырылған. Толығырақ Tengri Life пен заңгер Надежда Гельдт айтып берді.


Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар көп жағдайда білместіктен жалған ақпарат таратушыға айналады. Ал заңда бұл мәселені реттейтін әкімшілік, тіпті қылмыстық нормалар қарастырылған. Толығырақ Tengri Life пен заңгер Надежда Гельдт айтып берді.

Заңда фейк ұғымы қалай түсіндіріледі?

Бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүддесіне, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне елеулі зиян келтіретін, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке (3,6 миллион – еск.) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды қарастырады немесе 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру", – деп бөлісті заңгер.

Егер фейк бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері және онлайн платформалар, яғни әлеуметтік желілерді пайдалана отырып таралса, онда жаза мынаны көздейді:

  • 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл (11 миллион теңгеге дейін – ред. еск.);
  • сондай-ақ, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу.

Маман төтенше жағдай кезінде, ұрыс жағдайында, соғыс уақытында немесе бұқаралық іс-шаралар кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.

Айыппұл мөлшерін кім және қалай белгілейді?

"Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жаза тағайындалады, бұл не айыппұл, не түзеу, не қоғамдық жұмыстар, не шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы болуы мүмкін.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иесінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен жалған мәліметтерді орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген", - дейді  "Право знать" телеграм-арнасы авторы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети