Кеше | 09:40

Ғалымдар Альцгеймерге ауруының күтпеген себебін анықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ depositphotos.com ©️ depositphotos.com

Аустралиядағы Гриффит университетінің ғалымдары бактериялардың мұрын тіндерінің зақымдануы арқылы миға еніп, Альцгеймер ауруына тән процестерді қалай іске қосатынын анықтады. Зерттеу Scientific Reports журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengri Life Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Аустралиядағы Гриффит университетінің ғалымдары бактериялардың мұрын тіндерінің зақымдануы арқылы миға еніп, Альцгеймер ауруына тән процестерді қалай іске қосатынын анықтады. Зерттеу Scientific Reports журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengri Life Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

Тышқандарға жүргізілген эксперименттер барысында ғалымдар Chlamydia pneumoniae бактериясының пневмония тудыруы мүмкін екенін және оның миға иіс сезу жүйкесі арқылы енетінін анықтады. Бұл процесс мұрын қуысының тіндері зақымданғанда күшейе түседі.

Инфекцияға жауап ретінде тышқандарды миында Альцгеймер ауруына тән амилоид-бета ақуыздары жинала бастаған. Зерттеу жануарларға жүргізілсе де, оның нәтижелері адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін деген алаңдаушылық тудырады.

"Chlamydia pneumoniae бактериясының мұрын қуысы арқылы тікелей миға еніп, Альцгеймер ауруының белгілеріне ұқсас патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін екенін алғаш рет дәлелдедік", – деді зерттеу авторларының бірі доктор Джеймс Сент-Джон.

Ғалымдар адамдарға мұрынды шұқымауды және мұрын түктерін жұлып алмауды ұсынады, өйткені бұл әдеттер мұрынның қорғаныс тіндерін зақымдауы мүмкін.

Олардың пікірінше, бұл жаңалық бактериялар мен вирустардың нейродегенеративті аурулардың дамуындағы рөлін зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Әрбір қадам адамзатты Альцгеймер сияқты күрделі ауруларды түсінуге және алдын алуға жақындатады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer