Ғалымдар гирляндалардың күтпеген қаупі туралы ескертті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ұлыбританиялық ғалымдар мерекелік гирляндаларды "ұйқы гигиенасы үшін қауіпті" деп атады. Мерекелік шыршадағы шамдар мелатонин өндіруге кедергі келтіріп, ұйқысыздықты тудыруы мүмкін, - деп хабарлайды Astana TV.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық ғалымдар мерекелік гирляндаларды "ұйқы гигиенасы үшін қауіпті" деп атады. Мерекелік шыршадағы шамдар мелатонин өндіруге кедергі келтіріп, ұйқысыздықты тудыруы мүмкін, - деп хабарлайды Astana TV.

New York Post мәліметінше, көгілдір шамдар ерекше қауіпті: олар телефон немесе теледидар экрандары сияқты миға әсер етіп, дененің босаңсуына жол бермейді. Бұл туралы ұлыбританиялық ұйқы бойынша сарапшы Исаа Риз айтып берді.

Ұйықтар алдында жарық, жыпылықтайтын немесе көгілдір гирляндалар ұйқы гигиенасы тұрғысынан қауіпті саналады. Олар миыңызды шатастырады, ұйқы гормоны мелатонин өндірісін тежейді және денеңіздің тынышталуына жол бермейді дейді Риз.

Көк түсті жарықтың қысқа толқын ұзындығы және жоғары энергиясы бар, яғни ол сергектік пен көңіл күйді арттырады. Бұл күндіз пайдалы болуы мүмкін, бірақ түнде ол дененің 24 сағаттық биологиялық тыныштығын бұзуы мүмкін.

Көгілдір жарықтың шамадан тыс әсер етуі көру қабілетінің проблемалары, ал созылмалы ұйқының болмауы 2-типті қант диабеті, жүрек ауруы және кейбір қатерлі ісік түрлерінің даму қаупін арттырады.

Сарапшы ақ немесе қызыл жарық шашатын гирляндаларды таңдауға кеңес береді. Бұл реңктер миға аз деструктивті әсер етеді және дененің релаксацияға арналған көңіл күйіне кедергі жасамайды.

Ұйықтар алдында екі сағат бұрын шамдарды өшіру немесе таймерлерді орнату ұсынылады (бұл өрт қаупін де болдырмайды).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro