22 шілде 2014 | 14:12

Гейлер көзқарасымды өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Адам болып дүниеге келген соң, көптеген жағдайды бастан кешіреді екенсің. Қырықтан асқан шағымда гомосексуалистердің ортасына түскен жайым бар. "Алаш айнасы" арқылы жазған менің осы бір жүрек жарды сырымды оқып біреу мені түсінер, ел екінші адам мені сөгер. Бірақ расы сол, көгілдірлер клубына барғаннан кейін менің оларға деген көзқарасым қатты өзгерді.


Иконка комментария блок соц сети

 Адам болып дүниеге келген соң, көптеген жағдайды бастан кешіреді екенсің. Қырықтан асқан шағымда гомосексуалистердің ортасына түскен жайым бар. "Алаш айнасы" арқылы жазған менің осы бір жүрек жарды сырымды оқып біреу мені түсінер, ел екінші адам мені сөгер. Бірақ расы сол, көгілдірлер клубына барғаннан кейін менің оларға деген көзқарасым қатты өзгерді.


Жазғы демалыста ауылда бірге өскен екі жолдасым Алматыға қыдырып келді. Қасымда тағы бір досым бар. Төртеуміз өткен-кеткенді түс мезгілінен бері әңгімелеп отырмыз. Әрине, құр ауыз сөз айтылып отырған жоқ. Сырадан басталған бас қосу, ащы араққа ұласты. Бәріміз де біраз қызып қалдық. Ауыл-аймақ, туған-туысты жайғап, енді қоғамдық мәселеге де сөз бергенбіз.

Өзімізше ащы арақтың күші болар, төртеуміз де осы өмірдегі ең күшті, ең білімді адамдаймыз. Жағамыз жайлауға кеткен. Бір-бірімізбен жарысып, даусымыз жер жарып барады. Саясатқа да шолу жасап қоямыз арасында. Содан не керек, жанымызға келіп отырған екі жігітке көзіміз түсіп кетті. Олардың араласуы да ерсі көрінді. Оларға қарап отырып, еліміздегі гомосекуалистер жайында үлкен дау туындап кетті. Алайда, қоғамдағы осы бір ауытқушылықты көтере алмайтын, тіпті естісе делебесі қозып тұратындар да жоқ емес екен. Бірі олардың көзін біратала жою керек десе, екіншісі олар жайлы мүлде айтпау керек, яғни жарнамаламауды ұсынып қояды. Ал, мен болсам егер ол ауру болса, оны емдеу керек деп лепіріп те қоямын. Батырдың пікіріне, «олар да адам ғой, сондай болып туылғанына кінәлі емес қой» деген сөзіне, әлбетте бәріміз қарсы пікір білдірдік. Бірақ бәріміздің де бұл адамдар жайлы мағлұматымыз аз еді. Тек Батыр ғана олар жайында азды-көпті мағлұмат біледі екен. Ол өзінің білгенін айтып, сендіруге тырысуда. Содан не керек, сол жерде отырып төртеуміз гейлер үшін қызыл кеңірдек болып, қызарып-бозарып, бір-бірімізге жұдырық ала жүгіруге де дайынбыз. Ауылдан келген бір досым. «Неге біз осыншама таусыламыз? Біз Гомосекуалистерді көрдік па? Олардың жағдайын түсінетін қызтеке емеспіз гой. Солар туралы білгіміз келсе неге барып көрмеске?! Қазіргі таңда, гейлердің клубы бар дейді ғой. Оған әрбір адам кіре алады екен. Барайық, олардың өмірін көріп қайтайық» деп ұсыныс жасады. Оның бұл сөзін естігенде біз абдырап қалдық.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети