Бүгін Алматыдағы 28 Панфиловшылар саябағында біртоп совет-ауған соғысы ардагерлері 25 мың данамен тарайтын «Аңыз адам» журналын жауапқа тартуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді. Ардагерлер басылымның Адольф Гитлерге арнайы нөмір арнауына қарсылықтарын «Аңыз адамды» жағып жіберу арқылы көрсетті. Ал, түстен кейін «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының жетекшісі Жарылқап Қалыбай журналистерге арнап баспасөз мәслихатын берді.

Бұған дейін «Аңыз адам» басылымының Қылмыстық кодекстің «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру» деп аталатын 164-бабында көрсетілген «қылмыс белгілері» бар деп айыпталып отырғанын жазған болатынбыз (https://alashainasy.kz/alashuni/50445/). Осыған орай, аталмыш басылымның басшысы мен бірқатар қоғам қайраткерлері өз ойларын ортаға салып, ешқандай фашистік көзқарас насихатталмағанын, керісінше, тарихи шындық айтылғанын мәлімдеді.
kapital.kz фото
Жарылқап Қалыбай, «Аңыз адам» басылымының жетекшісі:
– Кейбір қоғам өкілдері менің медиажобамды толығымен түсінбей отыр. Біздің медиажоба тарихи тұлғаларға арналған. Кезекті бір тарихи тұлғаны журналға шығарған кезде сол тұлғаның өмір сүрген кезеңнің тарихын ашамын. Біз Гитлерді жазу арқылы Екінші дүниежүзілік соғыстың шындығын ашқымыз келді. Егер де кез-келген мемлекеттің басына Гитлер секілді фашист келсе, ол сол елді ғана емес, адамзатты орға жығады. Екінші дүниежүзілік соғысқа 72 мемлекет қатысып, 60 млн.-нан астам адам қаза болды. 100 млн. азамат жарақат алды. Осы сұрапыл соғысты бір-ақ адам жасады. Журнал мемлекет басына мұндай адамдарды келтірмеу, содан сақтануды мақсат тұтты. Ал, мұны орыстілді қоғам қабылдай алмай отыр. Өйткені олар қазақ тілін түсінбейді. Сондықтан, мен азаматтарымызды журналды оқымай тұрып, түрлі арандатушылардың жетегінде кетпесе екен деймін.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз