Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өткен жексенбі күні өзінің кезекті жекпе-жегін Дэниел Гилге қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында аустралиялық боксшыны нокаутқа түсірді. Бұл Геннадийдің 2014 жылғы жоспарлаған екінші кездесуі болды, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өткен жексенбі күні өзінің кезекті жекпе-жегін Дэниел Гилге қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында аустралиялық боксшыны нокаутқа түсірді. Бұл Геннадийдің 2014 жылғы жоспарлаған екінші кездесуі болды, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Негізі 2014 жылы Геннадий Головкин төрт кездесу өткізетінін айтқан еді. Оның әзірше отандасымыз екі кездесуін өткізіп, екеуінде де қарсыластарын сұлатып салды. Енді біздің былғары қолғап шеберіміз бұл жылы өтетін үшінші кездесуінде атағы алысқа кеткен боксшымен жұдырықтасуға ниетті. Осы орайда «Алаш айнасының» тілшісі Головкиннің алдағы уақытта жұдырықтасып қалуы мүмкін деген қарсыластарды тізбектеп шығуды жөн көріп отыр.
Сөзсіз, бірінші кезекте жанкүйерлер де мамандар Генаның пуэрто-рикалық Мигель Анхель Коттомен жұдырықтасқанын қалайды. 33 жастағы Котта қазіргі таңда WBS тұжырымының чемпионы болып саналады. Ол осы уақытқа дейін шаршы алаңға 43 кездесу өткізіп, оның 39-ында жеңіске жетсе, 32 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Котто өзінің кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінде тек кіші Флойд Мейвезер, Менни Пакьяо, Остина Тратута және Антонио Маргарито сынды боксшылардан жеңіліп қалған.
Осы аптаның басында Головкиннің промоутері Том Леффер алдағы уақытта Головкинмен Котто арасындағы чемпиондық атақты біріктіретін жекпе-жекті ұйымдастырамын деген еді. Бірақ, бүгін пуэрто-рикалық боксышының промоутері Боб Арум бұл кездесудің олар үшін маңызы жоқ екенін айтты. «Бірінші кезекте алдағы уақытта кіммен жұдырықтасатынын Мигельдің өзі шешеді. Дегенмен мен Головкинге қарсы жекпе-жекке қарағанда Сауль Альвареске қарсы өтетін кездесу қызықты болады деп ойлаймын», – дейді Арум.
Коттодан кейінгі кезекте кіші Хулио Сезар Чавес тұр. Негізі бұл екі боксшы осы айда өзара жекпе-жек өткізу керек еді. Бірақ, мексикалық боксшы бұл жекпе-жек үшін өзіне сыйақының аз берілетінін алға тартып, Геннадийге қарсы шығудан бас тартты. Айта кетейік, Чавес осы уақытқа дейін кәсіпқой ринг шаршы алаңына 51 мәрте көтеріліп, оның 48 кездесуінде жеңімпаз болып кеткен.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.