Илон Маск 5 жылдан кейін смартфондар жойылатынын болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск 5 жылдан кейін смартфондар жойылатынын болжады видео кадры

Америкалық миллиардер Илон Маск 2030 жылға қарай смартфондар жойылып, оның орнын жасанды интеллект басады деп болжады. Бұл туралы ол тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық миллиардер Илон Маск 2030 жылға қарай смартфондар жойылып, оның орнын жасанды интеллект басады деп болжады. Бұл туралы ол тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Классикалық телефондарды жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған экран және аудио құрылғылар алмастырады.

"Біз қазір телефон деп атап жүргеніміз, шын мәнінде, байланысқа арналған радиомодульдері бар, ЖИ көмегімен бейнеанализге негізделген түйін болады", – деді Маск.

Джо Роганның "Телефондар мүлде жоқ болып кете ме?" деген сұрағына Илон Маск:

"Иә. Тіпті қазірдің өзінде телефон тек интерфейс. Нағыз "ақыл" – бұл ЖИ сервері. Болашақта бізге экран немесе қолмен теру қажет болмай қалады", - деді.

Масктің сөзінше, қазіргі уақытта телефондар ЖИ-мен әрекеттесу үшін тек аралық құрал.
Ал болашақта ЖИ адаммен тікелей байланысады, сондықтан құрылғының формасы өзгереді. Бұл құрылғыларда экран, микрофон, динамик болады. 

Сондай-ақ, Масктың болжамы бойынша, болашақта жасанды интеллект пайдаланушының қалауын алдын ала болжай алатынын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети