Бұрынғының қыздары мектеп бітіргенге дейін «сүйіссе аяғы ауырлап қалады-мыс» деген қорқынышпен (әлде қараңғылық) бойжетсе, бүгінгі қатыгез қоғамның қағынған қыздары баланы капустаның арасынан тауып алмайтындығын, баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ беске біледі. Жыныстық тәрбие қазақ қоғамы үшін беріге дейін жабық тақырып болып келгені аян. Дәл осы ұятты тақырыпты қозғайтындарға біртүрлі көзқарас пайда болғаны да рас.
Бұрынғының қыздары мектеп бітіргенге дейін «сүйіссе аяғы ауырлап қалады-мыс» деген қорқынышпен (әлде қараңғылық) бойжетсе, бүгінгі қатыгез қоғамның қағынған қыздары баланы капустаның арасынан тауып алмайтындығын, баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ беске біледі. Жыныстық тәрбие қазақ қоғамы үшін беріге дейін жабық тақырып болып келгені аян. Дәл осы ұятты тақырыпты қозғайтындарға біртүрлі көзқарас пайда болғаны да рас.
Алайда қанша ұялып, бетті басып, қатты сасып қашып кеткіміз келгенімен бәрібір айналып келіп алдымыздан шыға береді. Жастардың ерте бастан жыныстық қатынасқа түсуі қоғамдық қасіретке ұласып, бұл мәселе «қайтпек керек» деп әр ойдың құйрығынан ұстай алмай жүргенде қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Қазақ отбасында ұят санап, мүлде жабық жататын тақырып болған жыныстық тәрбие қазіргі кезенде мектепте мәз болатындай деңгейде оқытылып жатқан жоқ. Соған қарамастан балаларымыздың «көзі ерте ашылып жатыр». Әртүрлі акциялар ұйымдастырып, әлдебір қоғамдық қорлардың қыз балаларға «Проктр энд гембл» тауарларын шүлен таратқандай тарту етуімен аяқталады. Ғасыр індетінен сақтану жолдарын үйретеміз деп кейде тіпті соқырға таяқ ұстатқаннан да асырып жіберетініміз бар. Дәл осы «жабық тақырыпты» жылы жауып қойғысы келгендер балаларға ештеңе үйретпеу қажеттігін, олар өз кезегінде бәрін өздері үйреніп алатынын алға тартады. Бірақ осындай жасырып жақауратудан шыққан ұшпағымыз қайсы? Төріңізде тұрған тележәгіңізді «ұятты» ету мүлдем мүмкін емес. Жылтыраған журнал біткенді жалаңаш әйелсіз елестете алмайтын халге жеттік. Интернет біткеннің толы тағы да осындай «сұмдықтарын» алға тосады. Біз қанша тұсаулағанымызбен балалар өз беттерінше «үйреніп», «тәжірибе» жинақтауда. «Қоршаулы бақтың жемісі тәтті» әрине. «Қорыған жерге бала мен ит өш» екенін тағы да сіз бен біз жақсы білеміз. Нәтижесі.......Жаға ұстатарлықтай... 14-15 жасар қыздарымыздың аяғы ауырлап қалып жатыр... 7-сыныптың баласы жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан емделіп жатыр. Тағысын тағылар... Бұл қанша жасырып жапқанмен аяғы ашылып қала беретін ақиқат. Тіпті іші үрлеген шардай болып жасөскін қыздарымыз кешкі мектепте оқып жүр. ҰБТ-ға дайындалудың орнына бала емізіп жүргендері де жетерлік. Ақыр аяғында өзіміз тұмшалаған өтірігіміз өзімізді тұншықтырып жатқандай. Ақиқаты осы ғой. Өзі бала болса да бала «жасап шығаруды» беске білетіндер көп қазір. Психологтар жыныстық тәрбие мен отбасылық өмірге даярлау ісіне этномәдени құндылықтар арқылы ықпал ету керек деп есептейді. Бірақ қалай? Кезінде валеология пәнін мектеп бағдарламасынан алып тастау туралы мәселе көтерілгені белгілі. Көкпар тартқан көн тулақтай болған мәселе ақыры аяқсыз қалды.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.