14 қазан 2020 | 11:43

Жақыныңды қаншалықты жақсы көрсең, соншалықты одан алшақ бол

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дана қазағым "жас ұлғайса да көңіл қартаймасын" дейді. Сексеннен асып, тоқсанның төріне шығып отырған жайымыз. Көңіл бұрынғыдай жас, бойымда жылқы мінезді қазағымның саулығы, өжеттігі әлі де басыла қоймаған. Жаңа тыныс ашылып, көптеген дүниен тыңдыруға күш-қуат жоқ емес. Еліме қызмет үшін тоқсандағы бар күш қайратымды жұмсауға дайынмын. Мен мұның бәрін халқымнан алған бата-алғыстың арқасы деп білем, сондай-ақ әке-шешемнің берген еркін, қазақи тәрбиесінің жемісі. Халқымның мені әрдайым қолпаштап, аялап қорғаштауы, ізгі ілтипаттарын білдіруі, ақыл-кеңес сұрап, ақсақалдық тәлім-тәрбиені қажетсінуі – басыма қонған үлкен бақ.


Иконка комментария блок соц сети

Дана қазағым "жас ұлғайса да көңіл қартаймасын" дейді. Сексеннен асып, тоқсанның төріне шығып отырған жайымыз. Көңіл бұрынғыдай жас, бойымда жылқы мінезді қазағымның саулығы, өжеттігі әлі де басыла қоймаған. Жаңа тыныс ашылып, көптеген дүниен тыңдыруға күш-қуат жоқ емес. Еліме қызмет үшін тоқсандағы бар күш қайратымды жұмсауға дайынмын. Мен мұның бәрін халқымнан алған бата-алғыстың арқасы деп білем, сондай-ақ әке-шешемнің берген еркін, қазақи тәрбиесінің жемісі. Халқымның мені әрдайым қолпаштап, аялап қорғаштауы, ізгі ілтипаттарын білдіруі, ақыл-кеңес сұрап, ақсақалдық тәлім-тәрбиені қажетсінуі – басыма қонған үлкен бақ.

Мені Шарманов етіп мәртебемді биіктетіп, мерейімді өсіріп отырған халық, сондықтан да мен әрбір қиын кезеңді халқыммен бірге өткеру – азаматтық борышым.

Коронавирус пандемиясы қаншама асыл азаматтарымызды келместің кемесіне әкетіп жатқанда, мына жақта дүркіретіп мерейтойды тойлап жату – барып тұрған әбестік деп білемін. Карантин біткен екен деп босаңсуға еш жол берілмеуі керек. Әлем бойынша бұл қауіпті індеттің екінші толқыны ақырын қанатын жайып келе жатыр.

Біз тапқанына той жасап, қуанышын елмен бөлісуге асығатын тойшыл халықпыз. Мына күрделі әрі қауіпті кезеңде тойшылдығымызды, дарақылығымызды тоқтату керек. Тойшылдығымыз, думаншылдығымыз басымызға таяқ болып тиіп жатыр. Соны ұғынып, бұл әдетімізден өзімізді алшақ ұстайтын кез келді.

Көріп отырғанымыздай, бүгінгінің талабы – жылдам әрекетету, өзгерістерге бейімді бола білу. Мына пандемияның беті қайта қоймаған соң, ең бірінші кезекте – қатаң сақтық шараларын сақтау. Тіпті қарапайым жүрген жеріңде жеке гигиенаны сақтау, көпшілік жерде маска тағып жүру, әлеуметтік қашықтықты ұстануды қатаң түрде әдетке айналдыруымыз керек. Індет тек биылға ғана емес, келер жылы да жағдайды біраз күрделендірмек.

Сондықтан, мерейтой болсын, елімізде қандай да айтулы шаралар болсын – адамдарды көп шоғырландырмауды қарастыруқажет.

Мерейтойыма қатысты жақындарымның, танып білетін достарымның, қалың әлеуметтің түрлі іс-шаралар өткізіп, мерейтойды атап өткілері келетіні түсінікті жайт.  Бұл әрине олардың оң ықыласы, ізгі ниеттері, көрсетер сый-құрметі. Осының өзіне мен шын жүректен ризамын, алғысым зор. Өз тілектерін, құттықтауларын хат, электрондық пошта арқылы жіберіп жатса да төбем көкке жетер еді.

Мен үшін халқымның сау болғаны анағұрлым маңызды. Отандастарымның денсаулығын қауіп-қатерге тігу – үлкен қылмыс. Көңілге бай қазағымның "сақ жүрсең сау жүресің" деуі қазірөзектіболыпотыр.

Мен былай айтар едім, "жақыныңды қаншалықты жақсы көрсең, соншалықты одан алшақ бол" деп. Мұны естіген адам қарама-қайшы ойда болуы мүмкін. Ал, шынында бұл нағыз бүгінгінің ақыл-кеңесі. Бір-бірімізге қамқорлық танытып, өзімшілдікке бой ұрмауымыз қажет. Төңірегіңдегі адамдардың аман-саулығына жауапкершілікті толықтай сезінген жөн.

Ырду-дырду той думанға кететін қаражатты одан да көмекке мұқтаж адамдарға таратып берген әлдеқайда дұрыс. Жұмыссыздық белең алған уақытта қаншама азаматтарымыз көмекке зәру. Еліміздің қалталы, ауқатты азаматтары осы ретте көптеп жомарттық танытса нұр үстіне нұр болар еді. Қалай десең де, бай-бағландарымыз киелі қазақ жерінен жұмыстарын жүргізіп, байып-көтерілді емес пе?

Азды-көпті сүрген өмірімнен түйгенім – қандай белесті бағындырып, нендей жетістікке жетсең де, асып-тасудың еш қажеті жоқ, егер халқыңа азғантай болсын әкелерпайдаң болмаса – бұл Құдай алдында үлкен күнәб олады. Әйтеке би айтпақшы: "Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін, Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін". Елмен бірге ғана еңселі боласың!

Бұл індетті де еңсереміз, алда жеңістеріміз де көп болмақ. Атап өтетін мерейтойды кейіндері атап жатсақ та еш нәрседен қалыс қалмаспыз. Алар марапатты алдық, мінбелерден құттықтау лебіздердідеестідік. Еңқымбаты –  халықтыңыстықықыласы, тілекші болуы, шынайы жанашырлық танытуы. Маған халықтың ықыласынан асқан марапат жоқ. Бәріңде маған қымбатсың, сау жүргендерің мен үшін аса қатты маңызды.

Мен тоқсанға толған өмірімнің көбін қазақ елінің гүлденуіне, тұрғындардың дұрыс тамақтанып, саулықта болуына арнап, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында өмірімнің ең қымбат және қиын кезеңдерін өткеріппін.

Кеңес Одағы кезінде маған ұлтшыл деген айып та тағылып, қудаланған болатынмын. Ақтөбе медицина институтына ректор болып келгенiмде ең бiрiншi назарымды аударған нәрсе қазақтан қабылданған студенттердiң қатары 37 пайыз екен. Бұл мәселенi тездетiп жолға қойып 63,5 пайызға көтердiм. Көптеп қазақ оқытушыларын алдыртқан болатынмын. Бұл қазақ студенттерiнiң де еңсе түзеуiне әжептәуiр сеп болған еді. Есесiне, облыстық партия комитетi мен басқа да құзырлы өкiлдердiң тарапынан қудалауға түстiм. Одан бөлек, денсаулық сақтау министрі кезінде, 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық тарихи Алматы конференциясын аса жоғары деңгейде өткізген едік, сол кездері де қиындықтарға тап болдым.

Қандай қиындықтар болмасын, мені әрдайым халқым қолдады, маған үлкен сенім білдірді. Мен үшін "ұлтшыл" деген атақ алу үлкен мәртебе. Мағжан Жұмабаев айтқандай: "Не көрсемде Алаш үшін көргенім, Маған ата құлтым үшін өлгенім". Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Одан әрі де ұлтыма адал қызмет етіп, Алашымның туын биік көтеруге әрдайым дайынмын.

Ендігі белес құр тоқсаннан асып, жүзге жету емес, ең биік мақсатым – қазағымның бағы өрлеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болуына белсене атсалысу, халқым үшін пайдамды тизігу.

Ләйім солай болғай.

Құрметпен,

Академик Төрегелді Шарманов

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети