Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімі ұзартылды Фото:depositphotos.com

250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыру мерзімі демалыс күніне байланысты 16 қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыру мерзімі демалыс күніне байланысты 16 қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке тура келді, алайда бұл күн демалыс болғандықтан, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, салық төлеушілер өз декларацияларын 2024 жылғы 16 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс", - делінген Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство қолжетімді электрон қызметтерді еске салды, олардың көмегімен салық міндеттемелерін жылдам әрі кезексіз орындауға болады. Олардың арасында:

  • "Салық төлеушілер кабинеті" (cabinet.kgd.gov.kz);
  • Электрондық үкімет порталы (egov.kz);
  • e-Salyq Azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары;
  • Банк қосымшалары.

"Салық міндеттемелерін уақтылы орындау айыппұл санкцияларын болдырмауға мүмкіндік береді", - деді баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети