22 мамыр 2019 | 09:19

Жаңа емле бойынша шетелдік сөздерді қалай жазамыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Almaty.tv © Almaty.tv

Латын графикасына көшумен байланысты шеттілдік сөздердің орфограммасы да өзгеретіні белгілі. Қазіргі уақытта шеттілдік сөздер екі түрлі жазылып келеді. Бірі ауызша канал арқылы игерілген кірме сөздер мен екіншісі орыс тілінің орфорафиясы негізінде жазылып жүрген шеттілдік сөздер. Ауызша канал арқылы игерілген кірме сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына сәйкес бейімделіп жазылды. Бұл мәселе жөнінде өз кезеңінде профессор Қ.Жұбанов термин есебінде алынған интернационал сөздердің қазақ тіліне судай сіңіп, бойына тарап, өз сөзіндей болып кетуі керектігін, осымен байланысты самаурын, бөкебай сияқты орыс сөздерін тілші ғалымдар болмаса, жалпы жұрт білмейді де, "қазақтың өз сөзі" деп ойлайтынын айтады.


Иконка комментария блок соц сети

Латын графикасына көшумен байланысты шеттілдік сөздердің орфограммасы да өзгеретіні белгілі. Қазіргі уақытта шеттілдік сөздер екі түрлі жазылып келеді. Бірі ауызша канал арқылы игерілген кірме сөздер мен екіншісі орыс тілінің орфорафиясы негізінде жазылып жүрген шеттілдік сөздер. Ауызша канал арқылы игерілген кірме сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына сәйкес бейімделіп жазылды. Бұл мәселе жөнінде өз кезеңінде профессор Қ.Жұбанов термин есебінде алынған интернационал сөздердің қазақ тіліне судай сіңіп, бойына тарап, өз сөзіндей болып кетуі керектігін, осымен байланысты самаурын, бөкебай сияқты орыс сөздерін тілші ғалымдар болмаса, жалпы жұрт білмейді де, "қазақтың өз сөзі" деп ойлайтынын айтады.

Ж.Т.Жұмабаева

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институтының

аға ғылыми қызметкері 

 

Профессор Н.Уәлидің айтуынша, түркі тілдері орфографиясында орыс тілінен енген сөздердің жазылуы бірнеше принциптерге негізделеді; яғни түркі тілдерінің көпшілігінде орыс тілінен енген сөздер екі түрлі жазылады; бір тобы - өткен кезеңдерде ауызекі тіл арқылы еніп, қабылдаушы тілдің айтылу заңдылықтарымен өзгеріп кеткендіктен, сол өзгерген күйінде, дәстүрлі түрде, айтылуы бойынша, екінші тобы - орыс тіліндегі орфографиясы негізінде жазылады. Соңғы топқа түркі тілдеріне совет дәуірінде мол енген, жазба тіл арқылы қалыптасқан терминдік сөздер жатады.

Рәбиға Сыздықтың пікірінше, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген және көбіне термин болып келетін сөздердің басым көпшілігі орыс орфографиясы бойынша жазылады: алюминий, антоним, аудитория. Сонымен қатар ғалым орыс тілінен енген сөздердің ішінде дыбысталуы өзгеріп қалыптасқан бірқатар сөздер сол өзгерген күйінде жазылатынын және олардың дені қазақ тіліне ертеректе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген сөздер екенін көрсетеді. Бұл сөздерге тұрмыстық зат, бұйым атауларын, әкімшілік, сот, сауда, шаруашылық салаларына қатысты сөздерді жатқызады.

Мысалы, барқыт, бәтеңке, бәтес, бөрене, бөшке, сот, тауар, зауыт, болыс. Осымен байланысты Н.Әміржанова: "1938 жылға дейін кірме сөздер қазақ тілінің заңдылықтарына толықтай бағындырылды. 1929-1938 жылдар аралығында кірме сөздердің дыбыстық құрамы мен тұлғасы өзгеріп, сындырып ("қазақшалап") жазу үрдісіне бағынды. Шет тілінен енген сөздерді жазу барысында көптеген қиындық орын алды. Оның себебін шеттілдік сөздер фонетикалық принциппен жазылғандықтан, әркім өзінше естіп, өзінше таңбалауымен байланыстырды" деп келтіреді. Олай болса 1929-1938 жылдар аралығында кірме сөздер қазақ тілінің әуезіне, фонетикалық заңдылығына сәйкес игеріліп жазылды десек, 1940 жылдан бастап ауызша игерудің бұл механизмі жұмыс істемей қалды да, керісінше орыс тілі арқылы енген шеттілдік сөздер мен терминдер орыс тілінің орфографиясы бойынша жазылды.

Ал қазіргі таңда латын әліпбиіне өтумен байланысты э, ц, я, ю, ë, щ, ь, ъ әріптерімен келетін шеттілдік сөздер қалай жазылады? Шетілдік сөздердің жазылуының стандартты үлгісін жасаған Анар Фазылжанованың айтуынша, өзге тілден енген сөздерді тіліміздің дыбыстық ерекшелігіне икемдеп жазу ұлттық жазуға әкелетінін, алайда алғашқы аралық кезеңде жаңа жазуға жұртшылықтың санасы трансформацияланып жатқан кезде шеттен енген сөздерді қазақшалауға сақтықпен қарау қажет [1].

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерінде шеттілдік сөздердің орфограммасының стандартты үлгісі жүйелі берілген деуге болады. Айталық, шеттілдік сөздердегі э әрпінің орнына е әрпінің жазылуы. Мысалы, экология - ekologɩa, экономика - ekonomɩka, экран - ekran және т.б. Мұндай процесс жазу тарихында бар. 1940 жылға дейін сөздің барлық позициясында орыс тіліндегі э дыбысы қазақ тіліндегі ˂е> арқылы берілді және алмастырылды: эбонит - ebonijt, экран - ekran, эксперимент - eksperijment, элемент - element, электр - elektir, экономика - ekonomijke [2].

Сол сияқты орыс тілінен енген ц әрпі сөз басында да, сөз ортасында да, сөз аяғында да s әрпімен таңбаланады. Мысалы, цирк - sırk, цикл - sıkl, цилиндр - sılındr, дециметр - desımetr, шприц - shprıs, офицер - ofıser, эвакуация - evakýasıa. Ц әрпінің s әрпімен берілуі де жазу тарихымызда кездеседі. 1929 жылы ц дыбысына байланысты бір ғана ереже болды. Ал 1938 жылы ц дыбысына байланысты тағы бір ереже қабылданды. Ол ц дыбысының сөздің орта және аяққы позициясында келген жағдайда тс қосындысы арқылы жазу ережесі. Мысалы, konstitutsia, protses, printsip [2].

Қазақ тіліндегі ә, ө, ү дыбыстары тілдің қатысына қарай жіңішке дауыстыларға жататыны белгілі. Осымен байланысты жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың жазылуы шеттілдік сөздерді қазақшалаудың бірден-бір жолы деуге болады. Мысалы, альбом - álbom, ансамбль - ansámbl, бальзам - bálzam, батальон - batalón, медальон - medalón, компьютер - kompúter, факультет - fakúltet, фольклор - fólklor. Осымен байланысты

Қ.Күдеринова: "Қазақ-кирил әліпбиіндегі өлі әріптердің (ь,ъ), екі-үш дыбысқа ортақ теліме әріптердің (я, ю) және ц, щ, ë, э-лардың ұлттық тіліміз үшін графемалық жүктемесі болған жоқ. Бұлар орыс тілінен енген сөздерді орыс тілінің орфографиясы бойынша жазу үшін қолданылды. Сөйтіп, кирилше қазақ әліпбиі гетерогенді сипаттағы қосамжар орфографияны жасады. Тіліміздегі терминдердің барлығы орыс тілі емлесімен бірдей болды" [3] дейді.

 Олай болса, орыс тілі арқылы енген ю әрпінің латыннегізді емле бойынша ú (ү) әрпімен берілуі, сондай-ақ я әрпінің латыннегізді емле бойынша á (ә) әрпімен берілуі және щ әрпінің sh әрпімен таңбалануы шеттілдік сөздердің игеріліп жазылуының бірден-бір механизмі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Фазылжанова А. Латынға көшуде ұлттық ерекшелік сақталуы керек. Айқын, 28 тамыз, 2018.
2. Әміржанова Н. Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы. - Алматы, 2012.
3. Күдеринова Қ. Жаңа емле - сындарлы қадам. Егемен Қазақстан. 18.01.2019.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети