Жүргізушілердің төбелерінен жай түсірген «жанар-жағар май қымбаттауы мүмкін» деген ақпардың расқа айналатын түрі бар. "Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамас". Үкіметтің әртүрлі сарындағы әңгіме айтуларының өзі елді дүрліктірмей, алдын-ала дайындап алмақшы екені айтпаса да түсінікті. Бірақ, "ымды, түсінбейтін, дымды түсінбейді" демекші, халық та ақымақ емес. "Үкімет шама-шарқынша бағаны ұстап тұруға тырысып бағуда. Алайда ол дұрыс емес. Қалай дегенде де, жанар-жағар майдың бағасын еркіне жіберуге тура келеді. Басқа амал жоқ" дейді мамандар. Иә, әйтеуір жанар-жағар май қасқалдақтың қанындай қат болып кетпесе игі.

Осыдан тұп-тура бес күн бұрын отандық БАҚ-тар " жанар-жағар май қымбаттауы мүмкін" деп жарыса жазған еді, "Алаш айнасы" оған қосыла кетуге асықпады. "Тамыз айынан бастап сұранысқа ие АИ-92-нің 30 теңгеге, АИ-80-нің 33 теңгеге, ал дизельді отынның 28-теңгеге қымбаттайтыны туралы" жазған БАҚ-тар негізі үкіметтегі сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасаған болатын. Нақтырақ айтсақ, "ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі, сонымен қатар, ҚР Мұнай және газ министрлігі өкілдері кіретін үкіметтегі ведомствоаралық комиссия келісе келе, АИ-92-145 теңге, АИ-80 122 теңге, ал дизельді отын 130 теңгеге қымбаттату туралы шешімге келді. Бұл анық" деп айттыпты-мыс.
Бірақ ресми түрде үкіметтің өзі жария етпеген соң, жұрт екіұдай ойда қалды.
Айта кетейік, естеріңізде болса, мамыр айының аяқ шенінде де жанар-жағар майдың қымбаттауы туралы сөз тарап кеткенде ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің:
-Дөп басып ештеңе айта алмаймын. Алдағы маусым айында бағаның өзгермейтіні анық. Маусым айынан қалай шығатынымыз белгісіз. Ең бастысы, Ресей тарапынан өзгеріс болмасын деп тілейік, өйткені өнімнің басым бөлігін осы көршілерімізден тасымалдап отырмыз. Қорымыздың көлемін және Ресейден қанша импорт жасалатынын, сонымен қатар, өз зауыттарымыздың нарықтағы үлесін есептейтін боламыз. Ал әзірге еш қиындық жоқ. Ішкі нарықтағы жағдай бірқалыпты. Демек, алдағы айларда жанар-жағар майдың бағасы көтерілмейді. Бүгінгі күні мұнай өнімдері қоры 200 мың тоннадан астам, - деп, алдағы бір-екі айға ғана болжам жасағаны бар.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.