25 қыркүйек 2014 | 11:14

Жанұялы болсам да бір қызға ғашықпын...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанұялы болсам да бір қызға ғашықпын... Жанұялы болсам да бір қызға ғашықпын...

 Соңғы кезде менің өмірімде шытырман оқиғалар тым жиілеп кетті. Бір себептерге байланысты жұмыстан шығып кетіп, әйелімнің туыстарының арқасында тағы бір жұмысқа орналастым. Онда жүргізуші болып қызмет етіп жүріп, ойламаған жерден сонда жұмыс істейтін бір қызға ессіз ғашық болдым. Сезім шіркінді тежеп тастау өте қиын екен, не істерімді білмей басым қатып кетті. Мұндай жағдайдан қалай шығу керек, қандай ақыл-кеңес айтасыздар? Осыны білу үшін «Алаш айнасына» іштегі жан сырымды ақтарғым келді.

Иконка комментария блок соц сети

Мен Қарағанды облысының шағын қалаларының бірінде тұрамын. Үйленгенмін, бір ұл, бір қызым бар. Әйеліміз екеуміз сүйіп қосылдық, жеке отау құрып, үйлі болдық. Басшылықпен түсінісе алмай жап-жақсы істеп жүрген жұмысымнан бір күнде айрылып қалдым. Осылай бер-екі ай жұмыссыз жүргенімде әйелімнің әпкесі "бізді жас семья ғой" деп түсініп, өзі басшылық жасайтын мекемеге мені жүргізуші етіп алды. Онда бухгалтер болып қызмет ететін жас қызды жұмыс бабымен әрі-бері тасып жүріп, әңгімеміз жарасып кетті. Осылайша оны бірте-бірте ұната бастадым. Тіпті уақыт өте келе оған деген сезімім күшейіп, ессіз ғашық болдым. Оған жіпсіз байланып, жатсам да, тұрсам да, соны ойлайтын болдым. Отбасым бар екенін ойлап қанша оны ұмытуға тырыссам да, бірақ оған деген сезімім суынар емес. Бір күні достармен бас қосып ішімдік ішкеннен кейін, оған телефон шалып, оңаша отырып сөйлесуді өтіндім. Ол келісім берді. Кафеде отырып қызумен оған деген сезімімді жайып салдым. Ал ол маған ештеңе деген жоқ, мас қой деді ме, әйтеуір, көзін төмен түсіріп алып, күлімсіреп отырды да қойды. Ертесіне сол қылығым үшін қатты ұялдым. Оған қарауға бет жоқ, не істерімді білмей далада жүрсем, өзі келіп: "Сіз кеше маған ішіп алып сөз айттыңыз ғой" деп бәрін ойынға айналдырып жіберді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети