Мемлекеттік туды қоқыстың бетін жабуға пайдаланған жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты шешім шықты. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мемлекетті рәмізді қорлаған азаматқа 370 400 теңге айыппұл салды, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы ақпарат тарай салысымен әлеуметтік желілерде түрлі талқылаулар басталып кетті. Солардың біразы «дәл осындай жаза Қазақстан аумағында өзге мемлекеттің рәміздерін ұлықтап жүргендерге де қолданылу керек» деген пікірді алдыға тартып жатыр.

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Қазақстанның Мемлекеттік туымен қоқысты жауып алған «КамАЗ» жүк көлігінің фотосуреті пайда болған еді. Артынша, полицейлер жүк көлігі жүргізушісінің Алматы облысы Қарасай ауданының 1988 жылы туылған Есенбеков деген тұрғыны екенін анықтап, өлшемі жарты метр болатын Мемлекеттік ту күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан тапқан болатын. Міне, бүгін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Есенбековке 370 400 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.
Дәурен Бабамұрат, «Болашақ» жастар қозғалысының лидері:
– Жалпы, бір жүргізушіні қатаң әкімшілік жауапкершілікке тарттық екен деп бұл мәселе өздігінен шешіле салмайды. Бүгін аталмыш жайтты қоғам болып талқылап жатыр. Бірақ, сол азаматтардың бәрі мәселенің түп-тамырын қопара алып отырған жоқ. 1х2 метрлік мемлекеттік туды ол азамат қайдан алды? Мұндай көлемі үлкен рәміздерді негізінен мемлекеттік органдар пайдаланады. Ол рәміздердің пайдаланғаннан соңғы, яғни тозығы жеткеннен кейінгі тағдырына кім жауапты? Мемлекеттік мекемелер, яки түрлі ҮЕҰ-дар ескірген рәміздерді кез-келген жерге тастай салады. Сосын оны кім көрінген түрлі мақсатқа пайдаланады. Демек, таяқтың бір ұшы мемлекеттік мекемелерге де тиеді деген сөз. ҚР Рәміздер туралы Заңға өзгерістер жасадық. Меніңше, осы заңға тағы да толықтырулар енгізген жөн. Мысалы, қазір түрлі акцияларда рәміздеріміз бейнеленген баннерлер, бильбордттар жасалады. Акция біткен соң, ол баннерлер ешкімге қажетсіз болып, аяқттың астында тапталып қала береді. Бұлай болмауы үшін мемлекеттік рәміз бейнеленетін әр зат нөмірленуі керек. Тіпті, ту, елтаңба секілді құндылықтарымызға да осындай «нөмірлеу жүйесін» енгізген жөн. Рәміздеріміз қорланып жатса, сол нөмір арқылы оны кімнің сатып алғанын анықтауға мүмкіндік туады. Сатып алушы мекеме сол рәміздің тағдырына жауапкершілікпен қарайтын болады. Бұл бір, екіншіден рәміздерді шығаратын компаниялар тозығы жеткен рәміздерді жою немесе қайтадан қалпына келтіру жауапкершілігін де мойнына алу қажет. Әйтпесе, Заңмен қудалап, ешнәрсе өзгерте алмаймыз. Отаншылдық рухты насихат арқылы жүзеге асырған жөн.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.