Көбею үшін де көмек керек. Бүгінде таптаурын болған тақырыпқа айналған бұл мәселе туралы сөз қозғасақ біраз шындықтың шідері шешілетіні анық. "Алаш айнасы" осы мәселе бойынша зерттеу жүргізіп көрген еді.
Көбею үшін де көмек керек. Бүгінде таптаурын болған тақырыпқа айналған бұл мәселе туралы сөз қозғасақ біраз шындықтың шідері шешілетіні анық. "Алаш айнасы" осы мәселе бойынша зерттеу жүргізіп көрген еді.
Бала санын арттыру мен бала денсаулығын жақсарту бір ғана әйелдерге қатысты әңгіме болмаса керек. Денсаулығы жақсы, толыққанды сәбидің дүниеге келуіне еркектердің де, яғни екі жақтың да ерекше қатысы бар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы отбасылардың 15 пайызы балалы болуға қабілетсіз. 30 пайызы репродуктивтік технология бойынша емделулері қажет. Әрбір бесінші отбасы бедеуліктің құрығынан құтыла алмауда. Мұндай тығырықтан шығудың төте жолы табылып, жолға қойылды да. Соңғы әлетте тілдік қорымызда «суррогат ана», яғни таза қазақшалағанда «құрсақ шеше» деген термин пайда болғалы қашан. Мұның түсініктемесі – бір шикіөкпеге зар болғандарға көмек қолын созатын, яғни ерлі-зайыптылардың келісімімен бала туып беретін әйелдер. Бұл жолдың пайдасы шаңырақтың шайқалмауына септігін тигізіп, қу бас атанудан құтқарса, екінші жағынан, «құрсақ шешенің» қызметі тегін тұрмайды. Еңбегіне шытырлатып тұрып біраз теңгені санап алады. Ұлттық табиғатымызға тән емес, аты ерсі болса да бұл үрдіс соңғы кезде өмірімізге дендей еніп барады. Бұл турасында екіұдай пікір білдірушілер де жоқ емес. Даттаушылар: «дұрыс емес, ата-бабамызда болмаған сұмдық», - деп ат-тондарын ала қашса, жақтаушылар: «несі бар, ажырасушылардың санын азайтып, аз қазақтың қарасын көбейтеді», - деп қарсы дау айтады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...