Жедел жәрдемге жол беру - міндетті. Алайда, қазақстандық жүргізушілер, егер шұғыл қызмет көлігіне жол берген кезде, жол ережесін бұзуға тура келсе, қалай әрекет ету керек екенін білмей қалады. Егер жол қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп немесе тоқтау сызығын басып жедел жәрдемді өткізсеңіз, ол үшін айыппұл салынуы мүмкін бе? Мұндай жағдайларда не істеу керек? Толығырақ Тengrinews.kz - матриалында.

Sergek Group баспасөз қызметі мәліметінше, "Сергек" қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі барлық заңбұзушылықты тіркейді. Алайда, заңбұзушылықты растау немесе қабылдамау - бұл шешім уәкілетті қызметкер құзіретінде. Сондықтан көбінесе мұндай әрекеттер үшін айыппұл келмейді.
"Жүйе автомобильдің мемлекеттік нөмірін таниды, заңбұзушылық карточкасын қалыптастырады және деректерді ӘІЖБ процессингтік орталығына береді, онда ақпараттық базалардан қалған мәліметтер тартылады. Келесі кезекте заңбұзушылық картасы уәкілетті қызметкерге жіберіледі, ол ЭЦҚ арқылы осы бұзушылықты растауы немесе қабылдамауы керек. Тәртіпбұзушылық картасындағы жағдайды нақтырақ бағалау үшін бірнеше суреттер мен шолу видеосы болады", - деп түсіндірді Sergek Group.
Алайда, егер айыппұл келсе, полицейлер қазақстандықтарға Астана Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына жүгінуге кеңес береді.
"Егер көлік құралының жүргізушісі жол беріп, оған айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түскен жағдайда, құқық бұзушылық алып тасталуы керек. Ол үшін көлік құралдарының иелері Жетіген көшесі, 16 мекенжайы бойынша Астана ПД әкімшілік полиция басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе call-орталыққа: +7 7172 71 69 77, +7 7172 67 75 75 қоңырау шалуы қажет, немесе жазбаша өтінішпен е-өтініш арқылы жүгінуге болады", - деп жауап берді ПД корреспонденттің ресми сұрауына.
Сондай-ақ, полиция жүргізушілерге ескерту шамдары бар көліктерге әрқашан жол беру керек екенін айтты.
"ӘҚБтК-нің 598-бабына сәйкес ескерту шамдары мен арнайы дыбыстық сигнал қосылған көлік құралына қозғалыста артықшылық бермегені үшін 7 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген, бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда, жаза қолданылған сәттен бастап 15 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген", - деп толықтырды құқық қорғау органдары.