Жеңге деген – қазақ халқында бір әдемі ұғым. Біреулердің аузынан «жеңге» дегенді естігенде қызығып кетемін. Өйткені өзім жеңгеден жерінген жанмын. Көңілімнің түкпірінде жүрген жеңге туралы сырымды бүгін «Алаш айнасы» оқырмандарының назарына ұсынбақпын.

Менің үлкен ағам үйленген кезде әкем қатты ашуланды. Өйткені ол келіндерінің ауылдан болғанын қалаған болуы керек. Танитын адаммен құдандалы болудың жөні бөлек шығар. Бір жағынан, әкемнің ашулануына ағамның өзі де кінәлі.
Негізі, анам ағама өзінің қайтыс болған құрбысының қызын әпергісі келген. Ол қыздың бойы кіп-кішкентай, талдырмаш қана еді. Анам тіпті ол қыздың туған күніне өзінің алтын сырғасын сыйлаған. Ол кезде алтын деген қымбат қой. Қыз да кет әрі емес-ті. Бірақ әкем ол қызды құп көрмеді. «Бойы кіп-кішкентай, тұқымымыз ұсақталып кетеді!» - деді ол.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар