15 қыркүйек 2014 | 10:54

Жеңгеме жаным ашиды...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Басылым бетіне шыққан әрбір әңгімеде әртүрлі тағдыр, әртүрлі сыр бар. Бірін оқып сүйінсең, бірін оқып күйінесің. Мен де жеңгемнің басындағы жағдайды сыр ғып шертсем деп едім. Жеңгеме жаным ашиды...


Иконка комментария блок соц сети

 Басылым бетіне шыққан әрбір әңгімеде әртүрлі тағдыр, әртүрлі сыр бар. Бірін оқып сүйінсең, бірін оқып күйінесің. Мен де жеңгемнің басындағы жағдайды сыр ғып шертсем деп едім. Жеңгеме жаным ашиды...

Асыл жеңешем менің... Асылжан десе дегендей-ақ, атына заты сай ғой... Бүгінде осындай атқа лайықты адам аз-ау... Ол келін болып түскенде біз әлі бала едік. Сегіз баланың ішіндегі ең үлкен ағам үйленгенде қатты қуанғаным есімде. Ақ орамалдың астында отырған бейтаныс жанның өзі де, жан-дүниесі де аппақтай болып көрінген маған. Періште пейіліме орай расында жеңгем ары да, жаны да аппақ қардай болып шықты. Үлкен шаңырақтың алғашқы көрген қызығы өзі болған соң, бәріне де төтеп берді. Таңертең ерте тұрып сиыр сауып, нан жауып, тамақ істеп, ара-арасында кір жуып бәріне де үлгеретін. Кір киімдерді көбейтуге көп үлес қосатын біздерге де қабағын шытпайтын. Үстімізден сыпырып алып сол замат аппақ қылып жуып тастайтын. Ең бастысы қолы майлы шықты, ол істеген тамақты бармағымызды жалап жеуші ек. Пісірген бәлішін, қаттамасын айтсаңызшы, шайнамай жұта беруге болады. Енді ержетіп келе жатқан қайныларының бәрінің көңілінен шығуға тырысатын. Айна алдында ұзағырақ тұрып, шашын қайырып жігіт боп қалған олардың бәрін де әдемілеп киіндіріп, кездесуге жіберетін. Жүретін қызы жайлы сұрап, сырласып та үлгеруші еді. Бір шаңырақтың шырайын кіргізіп отырған жеңгем ағайын-туыстың да көңілінен шықты. Үйге келген қонақтың бәрін жақсылап күтіп, дастарханды жайнатып жіберетін. Қолы ашықтығын айтсаңызшы. Қызғану деген қасиет жоқ. Ең соңғы тиыны қалса да қиналып тұрған адамды көрсе қолына ұстатып жіберетін. Адамның бойындағы бар жақсы қасиеттің бәрі де жеңгемнің бойынан табылатын. Асыл жеңешемді сұмдық жақсы көремін. Әлі де... Жақсы адамдардың көп қиналатыны несі екен? Жеңгем екі баланы дүниеге әкелген соң, ағамны сыртта жүрісі көбейіп кетті. Үйдегілердің көңілінен шығам деп шапқылап жүргенде ағама көңіл бөлуге уақыты да болмады ма, кім білсін? Ағайын туыс ортаға алып, ағама қанша рет ұрысты да. «Мақұл, қоямын...» деп басын шұлғып бір екі ай тыныш жүрген соң арада аз уақыт өтпей әләуләйліміне тағы басатын.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети