21 шілде 2014 | 14:30

Жезөкшелік 13-14 жасар қыздарға да жетіпті

ПОДЕЛИТЬСЯ

uznayvse.ru uznayvse.ru

 Өткенімізге тас атып, қанша күстаналасақ та кешегі Кеңес өкіметі ұятты қоғам орната білді. Мұғалімдер мораль оқудан шаршамайтын, оның пайдасы да баршылық-тын. Ұят болмасынның ауылынан алыстамаған апа-әжелеріміз қыздарын қырық үйден тиып ұстап келді. Кеңес одағы кезінде қылаң берген келеңсіз құбылыс қайта құрудан кейін белең алды. Бастағы жүген сыпырылды. Аяқтағы тұсау алынды. Ұзын етек қырқылды. Сонымен бірге ұяттың көбесі де сөгілді. Жариялылығымыз тым жалаңаштап тастады. Беттің арын белге түйген, ар-намыстан жұрдай, батыстың бейәдеп кинолары көгілдір экранымызды жаулап алып, «тәтті умен» санамызды сусындатты. Осы жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.


Иконка комментария блок соц сети

 Өткенімізге тас атып, қанша күстаналасақ та кешегі Кеңес өкіметі ұятты қоғам орната білді. Мұғалімдер мораль оқудан шаршамайтын, оның пайдасы да баршылық-тын. Ұят болмасынның ауылынан алыстамаған апа-әжелеріміз қыздарын қырық үйден тиып ұстап келді. Кеңес одағы кезінде қылаң берген келеңсіз құбылыс қайта құрудан кейін белең алды. Бастағы жүген сыпырылды. Аяқтағы тұсау алынды. Ұзын етек қырқылды. Сонымен бірге ұяттың көбесі де сөгілді. Жариялылығымыз тым жалаңаштап тастады. Беттің арын белге түйген, ар-намыстан жұрдай, батыстың бейәдеп кинолары көгілдір экранымызды жаулап алып, «тәтті умен» санамызды сусындатты. Осы жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.

Бұған дейін мұндай сұмдықты көрмегендер көзімен жер шұқитындай халге жетіп еді. Шошындық. Ойбайладық. Бетімізді шымшып теріс айналсақ та, бетпақ қоғам «бет бақтырмады». Ақыры жеңіп тынды. «Көре,көре көсем болған» көпшіліктің мұндай бейәдетке бойы үйреніп, еті өліп кетті. Тіпті, шетелден келетін жылтыраған журнал біткенді жалаңаш әйелсіз елестете алмайтын күйге жеттік. Кейбірін парақтай қалғанда бетті басып, қатты сасып, қашып кетуге тура келетін-ді. Бірақ, өйтпедік. Осы «америкалық ауру» тұттай жалаңаш кинолардың «жемісін» көп өтпей-ақ көре бастадық. Жұмыссыздықты, заманның қиындығын желеу еткен шөпжелкелер көшені жаулап алды. Ар, Абыройды аяққа таптап. Намыс нан бола ма деуді арланбай айтатындар да солар. Қоғамның жазылмас жарасына айналған бұл дерт жыл өткен сайын жайлап барады. Шошытатыны осы. Дабыл қағамыз. Даурығамыз. Бірақ, нәтиже жоқ. Қазір Қазақстанда тәнін сатып «күн көріп» жүрген төменетектілердің саны қанша, олардың арасындағы қаракөздердің үлесі қандай? Бұл сауалға жауап беретін жан жоқ. Белгілісі, әйтеуір олар көп. Ресми емес дерек көздерінің мәліметінше бүкіл еліміз бойынша осы кәсіптің көрігін қыздырып, нәпақасын айырудың құралына айналдырғандардың ең аз дегенде 70 пайыздан астамы қазақ қыздары. Бір ғана Саин көшесінің бойында бір түнде 2 мыңнан астам қыздар «түнгі ауысымға» жұмысқа түсетін көрінеді. Жасырып, жауып қайтеміз, бәрібір басына тартсаң, аяғы ашылып қала беретін ақиқат, жезөкшелік жасарып барады. Тым жасарып. Ендігісі көшеге 13-14 жасар қыздар да шыға бастады...

Кешегі қыздар мектеп бітіргенге дейін сүйісудің не екенін білмей бойжетсе, бүгінгі қатыгез қоғамның қағынған қыздары баланы капустаның арасынан тауып алмайтындығын, баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ біледі. Бұл төріңізде тұрған көксандықтан тапқаныңыз. Ал зиянына келсек... шаш етектен. Қоғамдық қасіретке айналған бұл мәселе «қайтпек керек» деп әр ойдың құйрығынан ұстай алмай жүргенде қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Жұлынқұрттай тамырымыздан суалтып жатыр.

Қайсыбір жылдары демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің бесінші отырысында осы бейәдеп фильмдер жөнінде сөз болды. Сонда сөз алған белгілі телеарнаның басшысы «Телеарна да, баспасөз де өз оқырмандары мен көрермендерінің сұранысына ден қойып, көңілінен шығуға тырысады. Біреулерге детектив, біреулерге атыс-шабыс, ал, енді біреулерге эротика ұнайды. БАҚ қожайындары аудитория ауқымын кеңейту үшін тұтынушының қалағанын көрсетуге мәжбүр» деген болатын. Демек, көксандықтан көрсетілер кереметтерге әл-әзір құрық салынбайды деген сөз. Болашақта да көгілдір экранымызды ұятты ету неғайбыл...

Ал, Америкада қалай? «Нью-Йорк Таймс мэгэзин» басылымының деректеріне сүйенсек, ең өтімді тауарлардың көшін бастап тұрған порнофильмдер екен. Апта түгілі сағат сайын бір кино шығаратын осы порноөндіріс жылына 11 мың бейнефильмдердің тұсауын кесіп үлгереді екен. Мұның бәрі американдықтар үшін десеңіз қатты қателесесіз. Соңғы сортты бұл фильмдер ТМД аумағындағы елдерге арналып шығарылған. Әлгі басылымның жүргізген сауалнамасынан белгілі болғанындай америкалықтардың басым бөлігі әдепсіз фильмдерді көруді қаламайды екен. Одан қалса күнделікті телеарналарда ашық сценалар мүлдем көрсетілмейді. Оны тек кабельді телеарналар арқылы ғана тамашалай алады. Ал, ол үшін қымбатқа түсетін «ләззатқа» ақша төлейді. Ата-аналар балаларының ерте «көзі ашылмауы» үшін кабельді телеарналарын кодтап тастайды. Американың заңы бойынша моральдық жағынан азғындаған, әйелімен ажырасқан адам ешуақытта да президент болып сайлана алмайды. Бұл үлгі боларлық жағы. Ал, өздері ішпейтін жуындыны олар біздің елге әкеліп төгіп тастады. Біз сол сарқытқа мәзбіз.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети