17 қыркүйек 2014 | 10:53

Жүкті әйелдердің жерік асы неге тексерілмейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Аяғы ауырлаған аналардың әрдеңеге көңілі ауып, не жерін білмей аласұратыны бар. Апа-әжелеріміз қолынан келсе келінінің жерік асын тауып беруге құмбыл, әрине. Бүгінгі аналар арыстанның жүрегі мен аюдың өтіне жерік болмайды аңыздағыдай. Олардың жерігін бүгінде көшеде жағалай сатылатын бір кесек топырақ пен әктен жасалатын бор яғни тақтаға жазатын кәдімгі бор басып жүр.


Иконка комментария блок соц сети

 Аяғы ауырлаған аналардың әрдеңеге көңілі ауып, не жерін білмей аласұратыны бар. Апа-әжелеріміз қолынан келсе келінінің жерік асын тауып беруге құмбыл, әрине. Бүгінгі аналар арыстанның жүрегі мен аюдың өтіне жерік болмайды аңыздағыдай. Олардың жерігін бүгінде көшеде жағалай сатылатын бір кесек топырақ пен әктен жасалатын бор яғни тақтаға жазатын кәдімгі бор басып жүр.

Жүкті әйелдердің сүйікті асы бүгінде еліміздегі бүкіл базарларды жаулап алған десек артық айтқандық болмас. Шымкент, Тараз қалаларында 100-200 грамм кесектің құны 25 теңге тұратын еді бұрын, бүгінде ол да қымбатшылықтың құрығына ілікті. 100 теңге. Ал Астана, Алматы сынды ірі қалаларда одан да қымбат әрине. Кәдімгі қатқан топырақты кесек-кесек етіп бөліп, қалташаға әдемілеп салып қойған. Қалтаға ауыр салмақ салмайды, әрине. Тіпті оны облыс орталықтарынан көтерме бағасына сатып алып, мегаполистерге апарып сататын саудагерлер де бар болып шықты. Әрі бұл өте өтімді тауар саналады екен. Дегенмен жеріктікті басқанымен оның ағзаға тигізер әсері қандай? Оны тек жүкті әйелдер ғана емес, кішкентай балалар да сүйсіне жейтін болып шықты. (Әк тас) яғни бор, (саз балшық) яғни кесек жеуге құмарлардың саны неге артып кеткен? Дәрігерлер бұл өнімдердің зиянын айтып зар қақсағанымен оны тыңдар құлақ табылмай тұр әзірге. Олардың айтуынша жүкті әйелдер тек дәріханаларда тегін берілетін дәрумендерді қолданғаны жөн дейді. Дегенмен зиян деген сайын оған құмартушылар көбеймесе азаймай отыр. Еліміз бойынша күмәнді заттың құрамын анықтайтын бірде-бір зертхана жоқ екен. Мамандар бұл асқа деген тәбеттің тартуын ағзаға кальцийдің жетіспеушілігінен деп түсіндіреді. Ал дәріханаларда сатылатын дәл осы затты алмастырушы глюконат кесек пен бордың орнын алмастыра алмайды. Тіпті біреулер оның орнына құрт шайнап құмарды басуға болады дейді. Алайда екеуінің дәмі екі түрлі болған соң құртқа деген құмарлықты арттыра алмай отыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети