Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

viewings icon 879 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар арасында мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін жол қозғалысы ережелері бойынша емтиханды қайта тапсыру керек деген пікір бар. Tengri Auto тілшісі шынымен солай ма және қандай құжаттарды дайындау керек екенін анықтады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар арасында мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін жол қозғалысы ережелері бойынша емтиханды қайта тапсыру керек деген пікір бар. Tengri Auto тілшісі шынымен солай ма және қандай құжаттарды дайындау керек екенін анықтады.

Астаналық Алина жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенін бір жылдан кейін ғана көрген. Әдетте көлікті күйеуі жүргізгендіктен, ол көптен бері көлік тізгініне отырмаған. Қазір оған ескі куәлігін алып, оны ауыстыру керек болады.

Астана тұрғыны алдымен арнайы ХҚКО-ға барып, оған жүргізуші куәлігін қайта ресімдеуге қажетті құжаттардың тізімі берілген.

Фото tengrinews.kz

Тұрғын ең алдымен медициналық анықтама алуға барған. Мұны тек ақылы түрде жасауға болатыны белгілі болды, ал міндетті медициналық сақтандыру тізімінде мамандардың (офтальмолог, отоларинголог, психиатр, нарколог) қызметтері жоқ.

Аурухананың қабылдауында қызға баруға қажетті мамандардың тізімі жазылған анықтама берілген.

Фото tengrinews.kz

Қалалық Психикалық денсаулық орталығында нарколог пен психиатрдың қарауынан өтуіңіз керек. Онда азаматтар міндетті түрде мамандардың тексеруінен өтіп қана қоймай, ағзасында есірткі заттарының бар-жоғын көрсететін сараптамалардан өтеді.

Фото tengrinews.kz

Фото tengrinews.kz

Анықтаманың құны 12 300 теңге (алғашқы екі маманға 8000, психолог пен наркологқа 4300) болған. Жалпы, қағаздарды алуға 1,5 сағат уақыт кетеді.

Қағаздарды алғаннан кейін арнайы ХҚКО-ға бара беруге болады.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі Tengri auto тілшісіне "жол қозғалысы туралы" Заңның 73 және 74-баптарына сәйкес ұлттық жүргізуші куәлігі он жыл мерзімге берілетінін хабарлады. Осы мерзім өткеннен кейін көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады.

Жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өткеннен кейін ауыстыру кезінде әкімшілік жауапкершілік жоқ және емтихан талап етілмейді.

"Осы Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар Мемлекеттік корпорация филиалдары, "электрондық үкімет" порталы, сондай-ақ банктік өтінімдер арқылы қабылданады.

Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету мерзімі – 120 минут, "электрондық үкімет" порталы және банктік өтініштер арқылы – 60 минут", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" ҚБ.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю