Бүгінгі күні «Алаш айнасы» интернет-газетінен отбасылық қарым-қатынасқа қажетті көп мәселені оқитын болдық. Мен де бүгін аса көп ашық айтыла бермейтін жыныстық қатынас тақырыбының назар аударарлық бір тұсы – етеккір кезіндегі қатынас туралы сөз еткім келеді.
Бүгінгі күні «Алаш айнасы» интернет-газетінен отбасылық қарым-қатынасқа қажетті көп мәселені оқитын болдық. Мен де бүгін аса көп ашық айтыла бермейтін жыныстық қатынас тақырыбының назар аударарлық бір тұсы – етеккір кезіндегі қатынас туралы сөз еткім келеді.
Негізі, мен бұрын ерлі-зайыптылардың төсек қатынасындағы көп жайттар дінге қарама-қайшы шығар деп ойлайтынмын. Тіпті олардың тыр жалаңаш жатуы да оғаш болатын шығар деп ойладым. Кейін діни кітаптарды парақтап қарасам, дініміз төсек қатынасында көп мәселені қолдайды екен.
«Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы үшін әйел осындай іс-әрекеттерге барса, бұл мақтауға тұрарлық нәрсе және ол сауапсыз да қалмайды. Өйткені Аллаһ Тағаланың Өзі жәннаттың әйелдерін «күйеулеріне сүйікті (ерлерінің аңсарын аудырып, құштарлығын шақырып тұрушы)» деп сипаттаған. («Уақиға» сүресі, 36-37 аяттар)» делінген діни әдебиетте. Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе, оның бәрі оң саналады. Шариғат ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесінің кез-келген бөлігіне қарауға рұқсат береді. Сондай-ақ, еркек пен әйелдің төсекте киімсіз, жалаңаш болулары жыныстық қатынасты нәтижелі ететін алғы шарттардың бірі. Егер ерлі-зайыптылар түгел шешінбей жеңіл киімде болғанды жөн санаса, бұл олардың өз еріктеріндегі нәрсе.
Кезінде «Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жыныс мүшелерін ұстап, сипалауларына бола ма?» деген сұрақты имам Әбу Ханифадан оның шәкірті Әбу Юсуф сұраған екен. Сонда Имам Ағзам: «Онда тұрған ештеңе жоқ. Бәлкім, олардың алар сауаптары арта түсер деп үміттенемін», - деп жауап берген («Муғнил-мухтаж», Хатиб әш-Шарини, 3-том, 144-бет).
Ғұламаларымыз тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Солардан үзінді келтірейік:
1. Төсек қатынасының алдында «бисмилләһ» деп, сүннетте келген дұғаны айту. Хадис имамдары түгелге дерлік Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды».
2. Әйелді төсек қатынасына дайындау. Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.